26 қараша 2018 18:06

Төрт облыста қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Николай Колесников © Николай Колесников

Қазақстанның төрт облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.


Қазақстанның төрт облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 27 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде боран соғып, тұман түседі, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Қызылорда облысының тұрғындарына көктайғақ туралы ескертіледі, ал Маңғыстау облысында тұман болады.

Сонымен қатар, Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын қалың түседі. Кей жерлерінде тұман, көктайғақ және дауыл болады.

Түркістанда көктайғақ, түнде және таңертең жел күшейіп, жылдамдығы секундына 20 метрге жетеді.

Синоптиктердің айтуынша, Шымкентте 27 қарашада тұман түсіп, жел күшейеді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети