13 сәуір 2021 16:40

"Toyota автокөлік ойнатады" - желіде тағы бір жалған ақпарат тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

WhatsApp мессенджерінде Toyota компаниясының 100 жылдық мерейтойына орай автокөлік ұтысына шақырту таралды. Брендтің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды StopFake.


WhatsApp мессенджерінде Toyota компаниясының 100 жылдық мерейтойына орай автокөлік ұтысына шақырту таралды. Брендтің Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері ақпаратты жоққа шығарды, - деп хабарлайды StopFake.

Toyota-ның Алматы мен Нұр-Сұлтандағы ресми дилері "Астана Моторс" компаниясы ұтыс туралы ақпаратты жоққа шығарды. Сонымен қатар, StopFake басылымы компанияның жүз жылдық мерейтойы 2037 жылы екенін еске салды.

 "Желіде Toyota брендінің 100 жылдығына орай сыйлықтар ойнатылатыны туралы жалған хабарламалар тарап жатыр. Сіздерді алаяқтардың іс-әрекеттеріне берілмей тек ресми ақпаратқа сенуге шақырамыз. Акциялар, жүлделер ұтысы және т.б. арнайы бағдарламалар туралы ақпарат www.toyotaastana.kz, www.toyota-almaty.kz; @toyotaastana.kz, @toyota_center_almaty ресми ресурстарында жарияланады. Хабарлама мессенджерлер арқылы таратылмайды", - деді компанияның PR-қызметі өкілдері.

Stopfake редакциясы қымбат жүлделерді желідегі белсенділік үшін көбінесе алаяқтар ұсынатынын, шын мәнінде тек жеке деректерді ұрлау үшін жасалатынын айтты. Мұндай кибершабуыл схемасы фишинг деп аталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети