11 қаңтар 2021 16:13

Toyota Land Cruiser жедел жәрдем көлігі алматылықтарды таңғалдырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Алматылықтар жедел жәрдемнің ерекше көлігіне таңғалды. Қала көшелерінен Toyota Land Cruiser көлігі медициналық белгілермен байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматылықтар жедел жәрдемнің ерекше көлігіне таңғалды. Қала көшелерінен Toyota Land Cruiser көлігі медициналық белгілермен байқалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ерекше жедел жәрдем көлігі түсірілген видео Instagram желісінде жарияланды. Тұрғындар оны Әбіш Кекілбайұлы және Өтепов көшелерінің қиылысында байқап қалған. Автомобильде жедел жәрдем көлігіндегідей Ambulance деген жазу мен екі қызыл жолақ болған.

"Мұндай жедел жәрдемге жол бермей көріңіз", - деп жазды пост авторы.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_almaty | Official | 21+ (@kris_p_almaty)

Желі пайдаланушылары Алматыда мұндай жедел жәрдемнің барына таңғалды.

"Мұндай көлікпен апарса, клиникаға жеткенше жазылып кететін шығар", - деп жазды @issaev_bb.

"Бұл жедел жәрдем министрі ғой. Сіздер оны көрмедіңіз бе?" - деп қалжыңдады @biliarddapanzhi.

"Жақсы профилактика!" - деді @daurenmekeshov.һ никтегі пайдаланушы.

Қаладағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мамандары бұл көлік жедел медициналық жәрдем қызметіне тиесілі емес екенін айтты. 

"Жедел медициналық жәрдем қызметінде тек мамандандырылған жедел жәрдем көліктері пайдаланылады. Бұл автомобиль ЖМЖ қызметіне тиесілі емес. Бұл жеке жедел жәрдем көлігі болуы мүмкін", - деді ведомство баспасөз қызметінің мамандары.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети