11 қаңтар 2021 09:22

Тракторшы, шаштараз: Еңбек министрлігі 2021 жылы сұраныста болатын мамандықтарды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылы Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2021 жылы Қазақстанда қандай мамандықтар сұранысқа ие болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министрлік топ мамандықтар тізімін 2021 жылы экономика мен бизнестің қалпына келуін ескере отырып жасаған. Осылайша, Қазақстанда ең сұранысқа ие болуы мүмкін мамандықтар:

  • шаштараздар;
  • күзетшілер, инкассаторлар және соған ұқсас мамандықтар;
  • бухгалтерлер;
  • мектепке дейінгі білім берудегі тәрбиешілер;
  • қоғамдық ғылымдар бойынша орта мектеп мұғалімдері;
  • жаратылыстану ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;
  • науқастарды күту жөніндегі Орта медициналық персонал;
  • жылжымайтын мүлікпен және басқа меншікпен операциялар жөніндегі агенттер;
  • дүкен сатушылары және олардың көмекшілері;
  • ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудегі біліктігі жоқ жұмысшылар;
  • бастауыш мектеп мұғалімдері;
  • орта мектеп мұғалімдері;
  • АБҚ қосалқы кәсіби персоналы;
  • аралас өсімдік және мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін фермерлер мен жұмысшылар;
  • аспазшылар (аспазшыларды қоса);
  • тракторшылар;
  • құжат айналымы және басқа да кеңсе жұмыстары бойынша супервайзерлер;
  • басқа біліктігі жоқ жұмысшылар;
  • ғимарат қарауылдары мен күзетшілері;
  • жүк көлігінің жүргізушілері;
  • дала және көкөніс өсірушілер;
  • көшелер мен базарлардағы саудагерлер;
  • математика ғылымдары бойынша орта мектеп мұғалімдері;
  • сантехниктер;
  • жеке тұлғалардың өмірі мен денсаулығын қорғауды жүзеге асыратын күзетшілер;
  • есепшілер мен бухгалтерлердің көмекшілері;
  • фермерлер мен мал өсіретін жұмысшылар;
  • спорт жаттықтырушылары мен оқытушылар;
  • фермерлер және егістік дақылдарын өсіру жөніндегі жұмысшылар;
  • терапия саласындағы дәрігерлер.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар кәсіптің жойылып бара жатқанын болжаған болатын. Олар банкир, жеткізуші және жүргізуші. Бұл жасанды интеллект пен роботтандырудың дамуына байланысты. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети