Трамп әкімшілігі Қазақстан мұнайы тиелген танкерлерге шабуыл жасамауды талап етті: WSJ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Трамп әкімшілігі Қазақстан мұнайы тиелген танкерлерге шабуыл жасамауды талап етті: WSJ Сурет нейрожелі арқылы жасалған

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігі Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалы орналасқан Новороссийск ауданындағы кемелерге жасалған шабуылдарды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап.


Басылым мәліметінше, тиісті үндеу украин тарапына сейсенбіде, 21 шілдеде жолданған. Ақ үй өкілі ақпарат көзі ретінде көрсетілді.

WSJ Вашингтонның бұл өтінішін Қара теңіз айдынындағы азаматтық кемелерге жасалған шабуылдармен байланыстырады. КҚК терминалы арқылы негізінен Қазақстанда өндірілген мұнай, сондай-ақ Ресей шикізатының аз ғана көлемі экспортталады.

Құбыр желісі әлемдік мұнайдың шамамен екі пайызын тасымалдауды қамтамасыз етеді. Консорциум акционерлері арасында америкалық Chevron және ExxonMobil компаниялары бар.

Айта кетейік, Украина КҚК-мен жұмыс істейтін танкерлерге жасалған нақты шабуылдар үшін жауапкершілікті көпшілік алдында мойнына алған жоқ. Қазақстан да соққылар артында тұрған мемлекетті ресми түрде атамады.

Қандай танкерлерге шабуыл жасалды?

Ең ірі шабуылдардың бірі 19 шілдеде КҚК теңіз терминалының қашықтан айлақтау құрылғыларында мұнай тиеу кезінде болды.

Ұшқышсыз ұшу аппараттары екі танкерге: Либерия туы ілінген ASIA және Маршалл аралдары туы ілінген NISSOS IOS кемелеріне шабуыл жасады.

КҚК ресми мәліметі бойынша, ASIA танкеріне "Теңізшевройл" компаниясының мұнайы тиелген, оның ең ірі қатысушыларының бірі америкалық Chevron.

Ал NISSOS IOS танкеріне Kashagan B.V. және үлесі "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясына тиесілі "Матен Петролеум" компанияларының мұнайы тиелген.

Осылайша, екі танкер де Қазақстанда өндірілген мұнаймен жұмыс істеген.

Шабуылдар Қазақстанға қалай әсер етті?

Шабуылдардан кейін теңіз терминалындағы тиеу операциялары уақытша тоқтатылды. Энергетика министрлігі бұл шешім Қара теңіздегі кемелердің, экипаждардың және қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын түсіндірді.

Бұл ретте КҚК-ның өндірістік және техникалық нысандары зақымдалмаған, жарамды күйде және жағдай тұрақталғаннан кейін мұнай тиеуді қайта бастауға дайын.

Тиеу жұмыстарының тоқтауы Қазақстандағы мұнай өндірісіне әсер етті. КҚК-дағы шектеулерге байланысты шикізат бұрынғы көлемде қабылданбай қалды. Резервуарлардың шамадан тыс толып кетуіне жол бермеу үшін өндіруші компаниялар тәуліктік өндірісті уақытша төмендетті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан Сыртқы істер министрлігі КҚК инфрақұрылымы арқылы мұнай тасымалдайтын азаматтық кемелерге жасалған дрон шабуылдарын қатаң айыптаған болатын.

Ведомство бұл әрекеттерді елдің экономикалық мүдделеріне қол сұғушылық деп атап, оған жол берілмейтінін мәлімдеді.

АҚШ мүдделері

КҚК жобасына АҚШ-тың ең ірі мұнай компаниялары қатысады.

Chevron консорциум акцияларының 15 пайызына иелік етеді, ал ExxonMobil-мен байланысты Mobil Caspian Pipeline Company үлесі 7,5 пайыз. Сонымен қатар Chevron мен ExxonMobil Қазақстанның мұнай жобаларындағы ірі инвесторлар.

WSJ шабуылдар Қазақстан мен Ресей мұнайының Қара теңізге тасымалдануын бұзып үлгергенін атап өтті. Қызыл теңіз арқылы жеткізілімдерге төнген қауіп-қатермен бір мезгілде, 21 шілдеде Brent маркалы мұнай бағасы шамамен екі пайыз өсіп, барреліне 91 доллар болды.

Читайте также

Валюта бағамы

 466.22   532.57   5.95 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +20
Астана +19
Ақтау +28
Ақтөбе +25
Атырау +31
Б
Балқаш +21
Ж
Жезқазған +16
Қ
Қарағанды +20
К
Көкшетау +21
Қ
Қостанай +25
Қызылорда +21
П
Павлодар +21
Петропавл +20
С
Семей +22
Т
Талдықорған +20
Тараз +27
Түркістан +28
О
Орал +19
Ө
Өскемен +24
Ш
Шымкент +23

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер