20 наурыз 2021 12:00

Тротуармен жүреді. Алматылықтар мопед жүргізетін курьерлерге шағымданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстративное фото: elements.envato.com Иллюстративное фото: elements.envato.com

Жақында жеткізу қызметінің курьері балаарбаны қағып кетті. Зардап шеккен бала туралы жаңалыққа жазылған пікірлерде қазақстандықтар курьерлерге шағымдана бастады. Желі қолданушыларының айтуынша, олар жол ережелерін жиі бұзады, тротуармен жүреді, жылдамдық режимін сақтамайды. Мопед жүргізушілері қандай ережелерді сақтауы керек екенін Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандық танымал көлік сарапшысы Әрсен Шакуов айтып берді.


Жақында жеткізу қызметінің курьері балаарбаны қағып кетті. Зардап шеккен бала туралы жаңалыққа жазылған пікірлерде қазақстандықтар курьерлерге шағымдана бастады. Желі қолданушыларының айтуынша, олар жол ережелерін жиі бұзады, тротуармен жүреді, жылдамдық режимін сақтамайды. Мопед жүргізушілері қандай ережелерді сақтауы керек екенін Tengrinews.kz тілшісіне қазақстандық танымал көлік сарапшысы Әрсен Шакуов айтып берді.

Оның айтуынша, моторлы көлік құралдарының жүргізушілері де басқалар сияқты жол жүрісі ережелерін сақтауы тиіс.

"Мопед тротуарларда жүре алмайды, өйткені ол жылдамдықты арттыра алады және басқаларға қауіп төндіреді. Тиісінше, мопедтер жалпы жолдармен жүруі керек.

Олар ЖҚЕ-де көзделген жылдамдықпен жүруге міндетті: елді мекендерде - сағатына 60 шақырым және жылдамдықты шектеу белгілері орнатылған жерлерде - сағатына 40 шақырым", - деді Шакуов.

Сарапшы мопед жүргізушілерінің барлығы бірдей жүргізуші куәлігін алуға міндетті емес екенін атап өтті. Мопед моторының көлемі 50 текше метрден аспайтын жүргізушілер құжатсыз жүре алады. Алайда, Шакуровтың айтуынша, мұндайлар Қазақстанда өте сирек кездеседі.

"Қозғалтқыш көлемі 50 текше метрден аз мопедтерді тек Honda шығарады, бұл Dio моделі. Бірақ олар біздің елде өте сирек кездеседі. Қазақстанда негізінен қытайлық брендтердің мопедтері жүреді, ал олардың қозғалтқышы орта есеппен 125-150 текше метр.

Ал қозғалтқышының көлемі 50 текше метр және одан жоғары мопедтерді қатаң түрде "А" жүргізуші куәлігімен пайдалану қажет. Тиісінше, олардың иелері каска киіп, барлық жол ережелерін сақтауы керек", - деді ол.

Маман полицейлердің мопед жүргізушілерін жол жүрісі ережелерін бұзғаны үшін тоқтатқанына жиі куә болғанын айтады. Алайда Әрсен Шакуовтың айтуынша, бұл жеткіліксіз. Ол осы бағыттағы рейд іс-шараларын жандандыруды ұсынады.

"Соңғы уақытта мопед жүргізушілерінің жаяу жүргіншілер өткеліне кіріп жүргенін, қарсы жолмен жүретінін және бағдаршамның қызыл шамына қозғалатынын жиі байқаймыз.

Бұл қаладағы апат жағдайларына әсер етеді", - деді ол.

Ол мопед жүргізушілері мемлекеттік тіркеу нөмірсіз жүретінін де атап өтті. Шакуровтың пікірінше, бұл бұзушыларды табуда қиындықтар туғызады.

Еске салайық, 16 наурызда мопед жүргізушісі Төле би даңғылында үш айлық бала жатқан арбаны қағып, қашып кеткені хабарланған болатын. Салдарынан сәби зардап шегіп, балалар ауруханасына жеткізілді.

Артынша балаарбаны қағып кеткен курьер оқиға орнынан неге кеткенін түсіндірген болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети