28 шілде 2021 17:23

Цой бес қалада қандай шектеулер енгізілетінін айтты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2 тамыздан бастап еліміздің бес қаласында қандай шектеулер күшіне енетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2 тамыздан бастап еліміздің бес қаласында қандай шектеулер күшіне енетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жаңа шектеулер Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау және Қарағандыда енгізіледі.

"Кеше ведомствоаралық комиссия шешімімен 5 өңірде 2 тамыздан бастап күшіне енетін қосымша шектеу шаралары бекітілді. Орталық мемлекеттік органдарды, әкімдіктерді, құқық қорғау органдарын, Денсаулық сақтау ұйымдарын, БАҚ-ты, азық-түлік дүкендерін, дәріханаларды және тіршілікті қамтамасыз ету ұйымдарын қоспағанда, меншік нысанына қарамастан, Ashyq-қа қатыспайтын барлық кәсіпорын мен ұйым қызметі тоқтатыла тұрады", - деді министр ОКҚ онлайн-брифингінде.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қалаларда ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды өткізуге тыйым салынады. Мемлекеттік органдардың (ұйымдардың), кеңселердің, ұлттық компаниялардың және өзге де ұйым қызметкерлерінің 80 пайызы үшін қашықтан жұмыс істеу нысаны сақталды (вакцина алған және соңғы 3 ай ішінде ауырып жазылғандарды қоспағанда).

"Сондай-ақ, Ақмола, Алматы, Түркістан, Қарағанды облыстарында халықтың көші-қонын ескере отырып, Нұр-Сұлтан (Бурабай, Целиноград, Аршалы аудандары), Алматы (Қарасай, Талғар, Іле, Еңбекшіқазақ аудандары), Шымкент қаласы (Сайрам, Төлеби аудандары), Қарағанды (Теміртау, Шахтинск, Абай қалалары) шекаралас аудандарда карантин шараларын күшейту бойынша ұқсас шаралар қабылданады", - деді Алексей Цой.

Жұмыс күндері Ashyq-қа қатысатын субъектілер қызметі сағат 20.00-ге дейін, Ashyq көшбасшылары үшін 22.00-ға дейін 9 тамызға дейін шектеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети