27 мамыр 2021 17:30

Цой Біртановпен қарым-қатынасы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның бұрынғы басшысы Елжан Біртановпен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ведомствоның бұрынғы басшысы Елжан Біртановпен қарым-қатынасы туралы сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сіз министр болып тағайындалғанда, жылы лебіз білдіріп, Елжан Біртановқа денсаулық тіледіңіз. Қазір ол қылмыстық іске қатысы бар деп айыпталып отыр. Қазіргі қарым-қатынастарыңыз қандай?" - деп Нартай Аралбайұлы Цойға сұрақ қойды.

"Қандай жағдайда да біз әріптеспіз. Бірнеше жыл бірге жұмыс істедік. Мен оның басшылығымен вице-министр болып жұмыс істедім. Әрине, оны жақсы білемін. Қылмыстық іске қатысы бар екені айтылғанға дейін онымен сөйлесіп тұратынбыз. Қазір әркімнің өз бағыты болуына байланысты арамызда ешқандай қарым-қатынас жоқ. Бізде ешқандай түсініспеушілік жоқ. Әріптестерміз", - деп жауап берді Алексей Цой.

Айта кетейік, сотта прокурор Төлеген Жараспаев Елжан Біртанов пен бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішевке аса ірі көлемде - 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар сомасында мемлекетке материалдық залал келтірді деген айып таққан болатын.

6 мамырда Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімін 2021 жылғы 14 маусымға дейін ұзартылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети