19 маусым 2021 09:22

Цой дәрігерлерді қазақша құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Facebook / @alexey.tsoy.3 Фото Facebook / @alexey.tsoy.3

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әріптестерін Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. Айта кетейік, ведомство басшысы қазақ тілінде сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой әріптестерін Медицина қызметкерлері күнімен құттықтады. Айта кетейік, ведомство басшысы қазақ тілінде сөйледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алексей Цойдың құттықтауы "Қазақстан" телеарнасының эфирінен шықты. Құттықтаудың үзіндісін Цой Instagram-дағы парақшасында жариялады.

Министр медицина қызметкерлеріне еңбегі үшін алғысын білдірді, сондай-ақ оларға және отбасыларына денсаулық пен амандық тіледі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alexey Tsoy (@alexey_tsoy)

Цой орыс тілінде де құттықтау видеосын түсірген. 

Оның айтуынша, бүгінде Қазақстанда 260 мыңға жуық медицина маманы, оның ішінде 75 мыңнан аса дәрігер, 185 мың орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Күн сайын елімізде 2 мыңнан астам операция жасалады, мыңнан аса бала дүниеге келеді, 18 мыңға жуық жедел медициналық жәрдем шақырулары қабылданады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети