17 тамыз 2020 10:21

Цой кәсіпкерлерге қауіпсіздік талаптарын сақтау керегін ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық кәсіпкерлерден санитарлық шараларды қатаң сақтауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандық кәсіпкерлерден санитарлық шараларды қатаң сақтауды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Цой бизнес өкілдерінің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы керегін ескертті.

"Бизнестің санитарлық қауіпсіздік талаптарына барынша жауапкершілікпен қарауы өте маңызды. Өйткені бұл талаптар Кәсіпкерлер Палатасы базасында кеңінен талқылаудан өтіп, қабылданды. Айта кету керек, бизнестің жауапкершілігін арттыруды ескере отырып, біз кәсіпкерлік қызмет түрлерінің 90 пайызына дейін хабарлама жасауға келістік.

Мұндай жағдайда бизнес санитарлық талаптарды қатаң сақтауға кепілдік береді. Тікелей тексеруші келмегенімен, қоғамдық қадағалау, кез келген келуші құқықбұзушылық туралы ақпаратты бақылаушы органдарға жібере алады. Мамыр айында карантин аяқталғаннан кейін болған жағдай бизнестің санитарлық талаптарды сақтауы өте маңызды екенін көрсетті, өйткені мұндай нысандарда халық көп жиналады", - деді  Алексей Цой.

Cондай-ақ, министр кәсіпкерлер арасындағы талап бұзушылықтың алдын алу және анықтау үшін қоғамдық бақылау жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ www.infokazakhstan.kz сайты аясында санитарлық талаптардың бұзылуы туралы ақпаратты СЭС қызметіне жіберу мүмкіндігі бар деді.

"Кәсіпкерлік қызметті www.infokazakhstan.kz порталында тіркемей қайта бастау - бұл заң бұзу екенін ескерткім келеді. Кәсіпкерлерді осы порталдың мүмкіндіктерін пайдалануға шақырамын, ол қосымша құжат толтырудан босатады, 10 минут ішінде өтінім жіберуге мүмкіндік береді. Санитарлық қауіпсіздік талаптарын мүлтіксіз сақтай отырып, біз бірге аурушаңдықты төмендету бойынша оң трендті сақтауға үлес қосамыз", - деді Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети