11 тамыз 2020 09:52

Цой Қазақстанда карантинді жеңілдетуге қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Әлихан Сариев © Әлихан Сариев

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдеуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда карантин жеңілдеуі мүмкін екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында ол карантиннің бес аптасында коронавирус жұқтыру көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 56,73 адамнан 36,2-ге дейін төмендегенін айтты.

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 100 мыңнан асты

Министрдің айтуынша, өлім-жітім көрсеткіші де төмендеді.

"(...) Карантинді жеңілдету қоғамдық орындарда маска режимі мен гигиенаны қатаң сақтай отырып, сондай-ақ барлық ақпараттық арна бойынша халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын қамтамасыз ету арқылы жүргізілуі тиіс", - деді Цой.

Айта кетейік, карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша қорытынды ұсыныс комиссияның бейсенбі, 13 тамызда өтетін отырысында айтылады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети