Түлек ҰБТ тапсыратын күні Ақтөбедегі атыс жайлы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түлек ҰБТ тапсыратын күні Ақтөбедегі атыс жайлы айтып берді Ақтөбелік түлек Луиза Жалмұханова. © Видео скриншоты

Ақтөбелік түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын күні қаладағы ықшамаудандардың бірінше болған атыс жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік түлек Ұлттық бірыңғай тест тапсыратын күні қаладағы ықшамаудандардың бірінше болған атыс жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе тұрғыны Луиза Жалмұханова тілшілерге ҰБТ тапсыру алдында қалада қауырт жағдай болып жатқанына қарамастан, қорқынышы жоқтығын айтты. Қыздың айтуынша, ол "Нұр Сити" ықшамауданындағы атыстың куәгері болған. Оқиға кеше таңғы сағат алты шамасында болыпты.

"Әрине, қорқыныш болды. Оның үстіне жараланғандардың саны көп деді, ауруханада науқастар жатыр деді. ҰБТ-ға уайымдамасам да, солар үшін уайымдадым. Мен атысты өз көзіммен көрдім. Ақтөбе сити ("Нұр Сити" ықшамауданы - Авт.) ауданында. Бұл жаңа салынған үйлер. Атыс болды, әскерилерді көрдік, барлығын. Қазір барлығы жақсы, ешқандай үрей жоқ", - деді де түлек ҰБТ тапсыру үшін аудиторияға кіріп кетті. 

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ақтөбеде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін күнді екі пунктте 6 маусымнан 7 маусымға өзгерту туралы шешім қабылдаған болатын. "Бұл өзгеріс Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі № 835 пункті мен Байышев атындағы Ақтөбе университетіндегі № 715 пунктке ғана қатысты. Қалған пункттерде ҰБТ өзгеріссіз өткізіледі", - деп түсіндірген еді министрліктегілер.

Еске салайық, 5 маусымда Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Қаза тапқандардың саны - 17. Айта кетейік, оқиғаның хронологиясын мына жерден оқи аласыздар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети