06 маусым 2016 23:08

Ақтөбеде болған теракт: 5 және 6 маусым хронологиясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

2016 жылдың 5 маусымында теракт болып, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанды террорлық қауіптің сары деңгейі енгізілді. Tengrinews.kz тілшісі оқиғалардың хронологиясын жасап көрді.


2016 жылдың 5 маусымында теракт болып, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанды террорлық қауіптің сары деңгейі енгізілді. Tengrinews.kz тілшісі оқиғалардың хронологиясын жасап көрді.

Астана уақыты бойынша 16.00-де әлеуметтік желілерде Ақтөбенің бірнеше ауданында атыстардың болып жатқаны жайлы хабарлар тарады. Куәгерлердің айтуынша, арнайы операция қатарынан үш ауданда өтіп жатқан - бесінші ықшамаудан, филармония маңы және "Паллада" қару-жарақ дүкені. Зардап шеккендер жайлы бір-біріне қайшы мәліметтер тарала бастады. 

Ішкі істер министрлігінен бірінші түсінік Астана уақыты бойынша 18.00-де түсті. Полициядағылар биылғы 5 маусымда сағат Ақтөбе уақыты бойынша 14.28-де діни радикалдар тобының қару-жарақты иемдену үшін "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағанын хабарлады. Қылмыскерлер дабыл батырмасын басып үлгерген сатушыны бірнеше жерінен пышақтап, ол салдарынан қаза тапты. 

Шақырту бойынша оқиға орнына "Жеделкүзет" ЖШС жеке күзет ұйымының екі қызметкері бірінші болып келеді, олардың бірі сол жерде өлтірілген, екіншісі жарақат алған.  

"Паллада" дүкеніне полиция жасағы келіп жетіп, қылмыскерлер оларға қарулы қарсылық көрсеткен. Атыс барысында үш полицейге оқ тиіп, жараланған, ал қылмыскерлер патрульдік көлікті басып алған. 

Қылмыскерлер осы дүкеннен 17 қару (3 иір ойықты және 14 тегіс ұңғылы аңшы мылтығы), 3 газ тапаншасы, оқдәрі мен пышақтар алып кеткен.  

"Паллада" дүкеніне жасалған шабуылдан бір сағат өткенде қаруланған қылмыскерлер екі топқа бөлінген. Бір топ алты адам болып, патрульдік көлікпен "Пантера" деп аталатын тағы бір қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасайды. Мұнда олар дүкенге келген екі адамды пышақтаған, олардың бірі жарақат алып, екіншісі қаза тапты.  

"Пантера" дүкеніне келіп жеткен полиция қызметкерлері атыс барысында үш қылмыскердің көзін жояды, біреуі жарақат алып, ұсталады, екеуі жасырынып үлгереді. Олар кейінірек қала сыртында табылып, өлтіріледі. 

Ал екінші топ көшеден автобусты басып алып, салондағы жолаушылар мен жүргізушіні шығарып тастайды. Сөйтіп, қылмыскерлер автобуспен Ұлттық ұланның № 6655 әскери бөлімінің қақпасын соғып, бөлімнің территориясына кіріп, әскери жасақпен және келіп жеткен полиция қызметкерлерімен атысқан. 

Тойтарыстан кейін қылмыскерлер тобына тосқауыл қойылды, ал екінші топ қашып кеткен. Атыс барысында қылмыскерлердің бірі өлтіріліп, тағы бірі жараланды. Ұлттық ұланның әскерилерінің қатарында үшеуі қаза тауып, алтауы жарақат алған.   

"17 адамнан тұратын екінші топ автобусты басып алғаннан кейін қару-жарақ дүкенінен алып шыққан қарумен әскери бөлімге шабуыл жасады. Ол жақта неліктен соншалықты көп әскеридің қаза тапқаны мен жарақат алғаны түсінікті. Ішкі жасақ болған, бірақ олардың қолында тек сүңгі-пышақ болған. Олардың барлығы қарусыз еді. Әрине қылмыскерлер кіріп барып, тәртіпсіз оқ атқан, бірінші зардап шеккендер - өткізу-бақылау бекетінің маңында тұрғандар. Қылмыскерлердің мақсаты ішке кіріп, қару-жарақ сақталған бөлмеге еніп, қаруды алу болды. Ол жақта біздің қарулы әскерилер тұрды, олар бірінші тосқауыл болды. Сосын біздің полицейлер барғанда қылмыскерлер қоймалар арқылы қаша бастады. Бір топқа тосқауыл қойылды, қалған топтың қақпадан өтіп, жасырынғанын кейін білдік. Қалған қылмыскерлердің біреуі өлтіріліп, екіншісі жарақат алып, ұсталды", - деді Қалмұханбет Қасымов кейін өткен брифингте. 

"Паллада" дүкенінің маңында іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмыстарға қатысы бар деген күдікпен бес адамды ұстап, оларды полиция бөліміне жеткізді. 

Түнгі жедел-іздестіру шараларының барысында тағы бес қылмыскердің көзі жойылып, екеуі ұсталды. Олар тәртіп сақшыларына қарсылық көрсеткен. 

Қарулы шабуылдарға қатысы бар қылмыскерлердің барлығының аты-жөні анықталды. Ақтөбе облысында контртеррорлық операция режимі енгізілді. Елдің ішкі істер органдарының барлық ішкі құрамы күшейтілген қызметке көшірілді. 

Ақтөбеде арнайы операция жүргізу барысында қоғамдық көлік жұмысы тоқтатылды, сонымен қатар көңіл көтеру мекемелері жабылып, Интернет өшірілді. Ақтөбе тұрғындарына көшеге шықпау туралы SMS хабарлама келіп жатты. 

Қазақстандықтар мессенджерлер арқылы түрлі фотолар мен видеолар тарата бастады. 5 маусымда кешкі уақытта қоғам белсендісі Мұрат Әбенов қазақстандықтарға бір-біріне суреттер мен видеолар жолдауды тоқтату қажет екені жайлы ой айтты.  

"Біз мәліметтерді белсендірек таратқан сайын осы "лас ойынды" ойластырғандардың мақсатына жетуіне көмектесе түсеміз. Суреттер мен видеоларды таратпауға шақырамын. Тұжырым жасауға асықпайық және жан-жағымыздан жау іздеуді қояйық. Қара ниеттілер азаматтардың осындай әсерде болатынын ойлағанына, осылай болады деп күткеніне сенімдімін. Бізді пайдаланып кеткісі келеді. Олардың әрекетінен біз неліктен бір-бірімізге сенімсіздік танытып, агрессия туғызуымыз керек? Бұл соларға ғана пайдалы, бірақ қазақстандықтарға емес", - деді ол әлеуметтік желілерде. 

Айта кетейік, ІІМ өкілдері екі видеоға қатысты түсінік берген еді. Видеоларда бірнеше адам көлік ішінде отырып, полицейлерді атады. Алайда бұл қазақстандық сериалдың жарнамасы болып шығып, мұның Ақтөбедегі оқиғаларға қатысы жоқ екені ресми түрде расталады. 

5 маусымда кешкі уақытта билік өкілдерінің ішінен Ақтөбедегі жағдайға қатысты бірінші болып Сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев пікір білдірді. "Қасиетті Ораза қарсаңында болған Ақтөбедегі теракт - қылмыскерлердің шектен тыс зұлымдығы мен көрсеткен қорлығы. Оларды жазалау бойынша қатаң шаралар қабылданып жатыр", - деп жазды Тоқаев Twitter желісінде.   

Қазақстан стратегиялық зерттеулер институының директоры Ерлан Қарин Ақтөбеде содырлардың күш құрылымдары мен биліктің жұмысын тоқтатып тастауы мүмкін болғанын айтты. Алайда сарапшы күш құрылымдарының бұл жағдайдың алдын ала білгенін жазды. 

6 маусымда таңғы уақытта ҚР ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев 5 маусым күні Ақтөбеде болған жағдайға қатысты пікір білдірді. 

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы Ақтөбедегі оқиғаларға байланысты үндеу жасады. 

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Ақтөбеде болған оқиғаны террорлық акт деп атады. Сөйтіп, ол нақты мәліметтерді келтірді: атыс жөнінде: 12 қылмыскердің көзі жойылды, алтауы жараланды, 6-7 адам іздеуде жүр. 

Осы жиында ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов Мемлекет басшысының Ақтөбедегі жағдайды жеке бақылауында ұстап отырғанын айтты. 

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев қалада жағдайдың тұрақты екенін айтып сендірді. 

Полицияның мәліметінше, атыс кезінде дүкен сатушысы, күзет ұйымының қызметкері, қару-жарақ дүкеніне келуші, үш әскери қаза тапқан. Бүгінге дейін шабуыл жасаған 12 қылмыскердің көзі жойылып, 6-7-еуі іздеуде жүр. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жарақат алған 19 адам ем қабылдап жатыр, олардың 16-сы жедел медициналық көмек ауруханасына түскен (3 науқас ауыр жағдайда жатыр, 13 науқастың жағдайы орташа), 3 науқас Ақтөбе облыстық ауруханасына жеткізілген (1 науқас ауыр жағдайда, екі науқастың жағдайы орташа). 15 адам амбулаторлық ем алып жатыр. 

Қазақстанда лаңкестік қауіптің сары деңгейі 40 тәулікке енгізілді. Мұндай хабар Батыс Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Павлодар, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстарының, сонымен қатар Астана мен Алматының тұрғындарына келіп түскен.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети