Ақтөбеде ҰБТ өтетін екі пунктте тестілеу күні ауысады

05 Маусым 2016, 22:16
0
Ақтөбеде ҰБТ өтетін екі пунктте тестілеу күні ауысады - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Ақтөбеде ҰБТ өтетін екі пунктте тестілеу күні алтыншы маусымнан 7 маусымға ауысады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомствоның баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ақтөбеде Ұлттық бірыңғай тестілеу өтетін күнді екі пунктте 6 маусымнан 7 маусымға өзгерту туралы шешім қабылдады.

"Бұл өзгеріс Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетіндегі № 835 пункті мен Байышев атындағы Ақтөбе университетіндегі № 715 пунктке ғана қатысты. Қалған пункттерде ҰБТ өзгеріссіз өткізіледі", - деп түсіндірді министрліктегілер.

Еске салайық, бүгін Ақтөбенің бірнеше ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар тағы бір қару-жарақ дүкеніне және Ұлттық гвардияның әскери бөліміне шабуыл жасалғаны белгілі болды. Арнайы операция кезінде "Паллада" дүкенінің сатушысы қаза тапты және бір адам жарақат алған. Ал әскери бөлімде шабуылға тойтарыс беру кезінде бір офицер мен келісімшарт бойынша әскери қызметші қайтыс болды. Тоғыз әскери жарақат алды.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай