Түркістан қаласындағы "Жайлы мектептерде" "Баршаға қолжетімді сапалы білім" бастамасы аясында 2024-2025 жылы Түркістан облысында іске асырылатын Жол картасына және "Білім беруді дамыту орталығының" жоспарына сәйкес Түлкібас ауданының ұстаздары Түркістан қаласындағы әріптестерімен тәжірибе алмасты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орындау мақсатында облыстың білім жүйесінде тұтас әдістемелік кеңістікті орната отырып, білім сапасы мен тәрбие жұмыстарын дамытып, республикада орташадан жоғары деңгейге жету жұмыстары жүйелі жүргізіліп отыр.
"Цифрлық құралдарды тиімді пайдалануы" тақырыбында тәжірибе алаңын Ә.Молдағұлова атындағы жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қойлибаева Гүлнұр Жанабековна өтті. Ол өз тәжірибесінде жаңа SHYRAQ AI платформасының мұғалімдер үшін тиімділігін атап өтті. Бұл құралдың авторлық бағдарлама, ТЖБ, ҚМЖ үлгілері, деңгейлік тапсырмалар, кез – келген сұрақтарға жауап табу тетіктерін түсіндіріп, тәжірибеде көрсетті.
"Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру жолдары" тақырыбындағы шебер сыныпты А.Асқаров атындағы жалпы білім беретін мектебі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Самекеева Айнұр Тасболатовна өтті. Ол өз тәжірибесінде А, В, С деңгейде тапсырма беру, топқа бөлуде цифрлық құзыреттілік жолдарын үйретті. Қазақ әдебиетіндегі функционалдық сауаттылық – оқушының тек мәтінді түсініп қана қоймай, оны өмірлік тәжірибесімен байланыстыруы, сыни тұрғыдан ойлап, өз ойын еркін жеткізе білуі екенін тәжірибеде нақты жұмыстармен дәлелдеді.
"Е.Иззатуллаев" мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні педагогі Өтешова Ләззат дәрістердің қалай өткеніне қатысты өз пікірімен бөлісті.
"Сабақтың ашылуы керемет бір ғажайыпен басталды, Түлкібас ауданының ұстаздары әртүрлі кітап кейіпкерлері болып киініп шықты. Іс-шара барысында педагогтер, олардың арасында жас мамандар болғанымен тиімді әдістермен бөлісті. FAST method- feeling, action, speech, thought. Cartoon method- бұлда өте керемет әдіс –тәсіл, бастауыш сыныптарда емес жәнеде жоғары сыныптарда өткізуге болады. Мультфильм көре отыра жаңа сөздермен танысып, суреттерді ретімен орналастырады. Қазіргі заманда балдардың қолынан телефон түспейді, осы Mahjong game – арқылы оқушыларды жаңа сөздерді жаттатығуға болады. Оқушылар ағылшын тілін үйренуге қызықтыру үшін Student’s voice, Mektep news, Read X жобаларды қосуға болады", - деді Өтешова Ләззат.
Білім сапасын арттыруға бағытталған бұл бастама ұстаздардың әдістемелік шеберліктерін шыңдап, оқыту үдерісін жаңа деңгейге көтеретін сөзсіз. №15 мектеп-гимназияның ағылшын тілі пән мұғалімі Токбергенова Ботагөздің сөзінше, дәріс барысында жаңа инновациялық тәсілдер мен әдістемелер ұсынылып, ұстаздар қауымына үлкен мотивация берді.
"Түркістан облысының білім беруді дамыту орталығы, Түркістан қалалық білім бөлімі мен Түлкібас ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинет қызметкерлеріне үлкен алғыс білдіремін. Бұндай іс шаралар ұстаздар үшін өте маңызды болып табылады. Түлкібас ауданының білім бөлімінің ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шарада педагогтермен тәжірибе алмасты. ЖШС "Ажар" бөбекжай-бақша логопеді Шаянбай Айгүл Қылышбайқызының көрсеткен жұмыстары жаңа инновацияға толы әдістерді көрдік, коррекциялық жұмыстары балалардың тілін дамытуда тиімді тәсілдерін көрдік. Іс-тәжірибе алмасқан әріптестерімізге алғысым шексіз", - деді Ботагөз.
"Акжелкен" санаториялық балабақша логопеді Айгүл Аманова да ұйымдастырушылардың шеберлігіне тәнті болғанын жасырмады.
"Ұйымдастырылған әдістемелік іс шара өте ауқымды мәселелер қозғады. Бір тамаша жүйелілік бар, себебі мектеп директорларына мақсатты индикаторларға қол жеткізудің тиімді әдістерін қолдану арқылы мектептің оқу сапасын, тәрбие деңгейін, мұғалімдердің кәсіби дамуын және инфрақұрылымын жетілдіру әдіс-тәсілдермен таныстық. Бұл өз кезегінде оқушылардың жан-жақты дамуына және білім беру жүйесінің жалпы деңгейі көтеріледі. Бірігіп жұмыс істеу жаңа идеялардың туындауына және шығармашылық тәсілдердің қолданылуына ықпал етеді. Түлкібас ауданының әріптестері өз тәжірибелерімен бөлісті. Алдағы уақытта әдістемелік қоғамдастық нығая түседі деген сенімдемін. Облыстық білім беруді дамыту орталығы, Түркістан қалалық және Түлкібас аудандық білім бөліміне шексіз алғыс білдіреміз", - деді Айгүл Аманова.
Н.Төреқұлов атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Орынбаева Жаңыл өз әріптестерінің сабақтарына жеке тоқталып, кәсіби пікірін ортаға салды.
"Түлкібас ауданы мектеп директорлары білім сапасын арттыруға бағытталған жоспарлары мен атқарылған жұмыстарымен бөлісіп, педагогикалық тәжірибе алмасу көрініс тапты. Б.Момышұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп директоры Н. Асилбековтың "Тиімді стратегиялар мен инновациялық жобаларды мектеп жоспарына ендіру" тақырыбындағы баяндамасындағы мектепте жүргізген "Талапшыл ұстаз, талантты шәкірт", "100 дерек" жобаларының тиімділігі туралы ой бөліссе, Ғ.Мұратбаев атындағы ЖББ мектеп директор Н. Байжановтың "Зерттеуші мектеп" жобасы аясында "Мектепті басқарудағы іс-әрекетті зерттеу" тақырыбындағы зерттеу жұмыстары білім сапасын көтеруге бағытталған тың идеяларға толы болды. С.Рахымов атындағы ЖББ мектеп директоры Н.Умаровтың "Цифрлық технологияларды қолдана отырып оқыту – білім сапасын арттырудың кілті" тақырыбындағы жұмысында цифрлық білім беру технологиялары арқылы оқу үдерісін қолжетімді, интерактивті және тиімді ету - білім беру жүйесін жаңартып, келешектегі ұрпақтың бәсекеге қабілетті әрі жоғары деңгейдегі білім алуына мүмкіндік беретін жаңа формат екені айқын көрініс тапты", - деді Жаңыл Орынбаева.
Әдістемелік күннің мақсаты – педагогикалық менеджмент, педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту және білім беруді цифрландыру арқылы білім сапасын арттырудың негізгі аспектілерін қарастыру. Сонымен бірге талдау, әр пән бойынша білім сапасын арттыруда жүйелі жұмыс жүргізу, әдістемелік көмек беру көзделген.
Әдістемелік күнге 400-ге жуық педагог қатысты. Шебер сыныптар, оқыту, ақпараттық семинарлар, тренингтер, тәжірибе сағаттары, коучингтер және жеке кеңестер жүргізілді. Республикада мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсетудің ауданнан-ауданға форматы Түркістан облысында мақсатты әрі жүйелі жүргізіліп келеді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!