16 қазан 2020 09:15

Түнде Нұр-Сұлтаннан төрт шетелдік депортацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

16 қазанда Ыстамбұлдан мерзімі өткен ПТР анықтамасымен келген Түркия азаматы мен Ресейдің үш азаматы Нұр-Сұлтан қаласының әуежайынан депортацияланды. Бұл туралы көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлық шетелдік COVID-19-ға ПТР анықтамасын 2020 жылдың 9 қазанында жасаған. 

16 қазанға қараған түні 9 рейс, 1114 жолаушы келді, олардың ішінде 897 адамда анықтама бар, 217 адамда жоқ, оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласына 4 рейс, 475 жолаушы, анықтамасы бар - 365, анықтамасы жоқ - 110, депортацияланған-4;
Алматыда 4 рейс, 605 жолаушы, анықтамасы бар - 503, анықтамасы жоқ - 102;
Ақтауда 1 рейс, 34 жолаушы, анықтамасы бар - 29, анықтамасыз - 5", - деді Байғабылов.

COVID-19-ға ПТР талдау туралы анықтамасыз келген қазақстандықтар тесттен өту үшін екі күндік карантинге жатқызылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети