1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Тургеневка ауылын су басып қалуы мүмкін - Қазгидромет

©Anuar T ©Anuar T

Есіл өзенінің деңгейі көтеріліп, Ақмола облысындағы Тургеневка ауылын су басып қалуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мемлекеттік метеоролгиялық қызметіне сілтеме жасап.

"Есіл өзенінде мұз кептеліп, оған құйылатын судың мөлшері артып барады. Соның салдарынан сәуірдің 1-3 аралығында Ақмола облысы Аршалы ауданының Тургеневка аулына жақын жерде өзен суының деңгейі күрт көтеріліп, ауылды су басып қалуы мүмкін", - делінген Қазгидрометтің ресми хабарламасында. 

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко да Қарағанды облысымен бірге Ақмола облысында да су тасқынының қаупі жоғары екенін жеткізген болатын.