23 қараша 2019 10:06

Тұрғымбаев өңірлік департамент басшыларын жазалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ішкі істер министрі өңірлік департаменттер және кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстардың, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алу жөніндегі бейінді қызметтер басшыларымен жиналыс өткізді. 


Ішкі істер министрі өңірлік департаменттер және кәмелетке толмаған балаларға қатысты зорлық-зомбылық қылмыстардың, сондай-ақ жасөспірімдер қылмысының алдын алу жөніндегі бейінді қызметтер басшыларымен жиналыс өткізді. 

Ерлан Тұрғымбаев балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кәмелетке толмағандарға қатысты, оның ішінде пайдакүнемдік-зорлық сипатындағы және жыныстық қол сұғылмаушылыққа қарсы қылмыстардың өсуін қамтамасыз ету жөніндегі бірқатар өңірлік департаменттердің жұмысындағы елеулі кемшіліктер мен олқылықтарды атап өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау және Жамбыл облыстарының полиция департаменті басшылары сынға ұшырады. 

Жиналыс қорытындысы бойынша, бірнеше басшылар қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды. 

Жамбыл облысы полиция департаментінің басшысы Арман Оразалиев қызметіне толық емес сәйкессіздік туралы ескертілді. 

Ақтөбе облысы полиция департаментінің басшысы Атығай Арыстанұлына қатаң сөгіс жарияланды. 

Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Мұрат Үрімхановқа осыған дейін қатаң сөгіс жарияланған еді. 

Тараз қалалық полиция басқармасының басшысы Мәдімаров қызметінен босатылды. 

Сондай-ақ, ішкі істер органдары қатарынан мектеп инспекторы қызметінен босатылды және Тараз қалалық полиция басқармасы қызметінің басшылары жазаланды. 

Барлық өңірлік басшыларға жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жиналған проблемалық мәселелерді мұқият талдау және шешу тапсырылды.

Олардың ішінде учаскелік және мектеп полиция инспекторларының жұмысын ұйымдастыруды, олардың білім беру органдарымен және әкімдіктермен өзара іс-қимылын өзгерту, мектептер мен балабақшаларда қауіпсіздікті қамтамасыз етуге күзет ұйымдарын тарту да кіреді. 

"Аумақтық департаменттер басшыларының назарын полицияның негізгі көрсеткіштерінің бірі кәмелетке толмағандардың қылмыстық қол сұғушылықтан қорғалу деңгейі болып табылатынына аударамын. Адамдар бізден дәл осыны күтеді. Біз олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндеттіміз", - деп атап өтті Тұрғымбаев.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети