Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салымшыларды несиелеу үшін 28 миллиард теңге бөледі

19 Ақпан, 13:57
0
Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне салымшыларды несиелеу үшін 28 миллиард теңге бөледі -

"Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне 2019 жылы салымшыларды несиелеу үшін 28 миллиард теңге бөледі, - деп хабарлайды Теngrinews.kz тілшісі. 

"ТҮҚЖБ жүйесі баспана алу үшін ең қолайлы бағдарламаларды ұсынушылардың бірі. 2019 жылға арналған "2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң аясында 28 миллиард теңге бөлу мақұлданды. Бюджеттік несие 20 жыл мерзімге жылдық 0,15 пайыз мөлшерінде тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне беріледі. Салымшыларға қарыздар бастапқы жарна 20 пайыздан аспайтын жағдайда 25 жыл мерзімге жылдық 5 пайыздан аспайтын мөлшерлеме бойынша беріледі. Мысалы, құны 8,4 миллион теңге тұратын, 60 шаршы метр болатын екі бөлмелі пәтерге ай сайынғы төлем 60 мың теңге болады", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, 28 миллиард теңге бөлу 3 111 салымшыға тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін қолжетімді қарыз алуға мүмкіндік береді. Бұл қаражат келесі 15 жылда үш рет айналатын болады, бұл тағы 6 мың салымшыға қарыз беруді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Оның айтуынша, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі жүйесінде 660,6 миллиард теңге жинаған 1,3 миллион салымшы бар. Олар "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының әлеуетті қатысушылары болып табылады.

2018 жылдың қорытындысы бойынша банк 360 миллиард теңге сомасына 38,3 мың қарыз берді. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 48 пайызға көп. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай