17 шілде 2014 12:05

Түрік мамандары мейманхана бизнесінің қыр-сырын үйретті

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ja-realestate.ru ©Ja-realestate.ru

Астананың мейманхана бизнесінің 86 жұмысшысы EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде тренингтен өтіп, халықаралық сертификат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астананың мейманхана бизнесінің 86 жұмысшысы EXPO-2017 көрмесін өткізуге дайындық шеңберінде тренингтен өтіп, халықаралық сертификат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары Мұхит Сейсембаевтың айтуынша, Қазақстандағы EXPO-2017 қарсаңында мұндай семинарды өткізудің маңызы ерекше. "Комитет бұл шара еліміздегі туризмді дамытуға өзіндік үлесін қосады және кейін әлемдік аренада Қазақстанның оң имиджін қалыптастырады деп үміттенеді. Туризмді дамытуда Түркияның тәжірибесі өте жоғары, сондықтан біз түркиялық мамандардың біздің республикамызға келіп, мамандарымызға туристік қызмет көрсету сапасын арттыруға көмектесіп жатқанына қуаныштымыз", - деді ол. 

Тренингті Түркия мәдениет және туризм министрлігінің өкілдері өткізді. "Біздің мейманханашыларымыз оқу барысында көптеген теориялық және практикалық дағдыны меңгерді. Мен бұл тыңдармандардың бәрі риза деген ойдамын, өйткені олар халықаралық үлгідегі сертификатқа ие болды. Алынған білімдері келешекте оларға жол бастайтын болады деп үміттенемін", - дейді Қазақстан мейманханалар мен мейрамханалар қауымдастығының менеджері Эльнура Джашимова. Оның айтуынша, тренингтен мейманхана бизнесінің персоналдарды басқару, шаруашылық, фронт-кеңсе, тағам, сусындар жөніндегі менеджер-қызметкерлері мен аспаздар өтті.

Туризм индустриясы комитеті және Қазақстанның мейманханалар мен мейрамханалар қауымдастығы EXPO-2017 дайындығы шеңберінде мұндай тренингтерді тағы өткізетін болады. 

Түркиялық мамандардың дәрісі туристік қызметтің front office, housekeeping, food production, food and beverage service сияқты маңызды бағыттары бойынша өткізілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети