29 қыркүйек 2016 17:56

Түркия ЭКСПО-2017-дегі өз павильонының тұжырымдамасымен жұмыс жасауда

ПОДЕЛИТЬСЯ

© expo2017astana.com © expo2017astana.com

Бүгін Астанада "Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімовтың Түрік Республикасының экономика министрі, Түркия Ұлттық секциясының комиссары Тарык Сонмезбен кездесуі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі көрменің сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында Ахметжан Есімов Көрмеге дайындық бойынша жұмыс туралы түрік делегациясын хабардар етті. Ол бүгінгі күні 103 ел мен 17 халықаралық ұйым өз қатысуын растағандығын және қазанда қатысушы елдер одан арғы жұмыс үшін өз павильондарын алуына болатындығын атап өтті.       

Өз кезегінде Тарык Сонмез Түркияның Ұлттық павильонының тақырыптық тұжырымдамасымен жұмыс туралы хабардар етіп, оның жуырда ұсынылатындығын растады.

Сондай-ақ кездесуге қатысушылар павильонды дайындау бойынша техникалық мәселелерді талқылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети