27 сәуір 2020 14:23

Түркия қазақстандықтарды өз ұшағымен елге қайтарудан бас тартты - СІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: facebook.com/pg/TurkishAirlines Сурет: facebook.com/pg/TurkishAirlines

Түркия қазақстандықтарды өз ұшағымен елге қайтарудан бас тартты. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі А. Смадияров Telegram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркия қазақстандықтарды өз ұшағымен елге қайтарудан бас тартты. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі А. Смадияров Telegram-да мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"24 сәуірде Turkish Airlines әуекомпаниясының ұшағымен Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларынан Түркияның 160-тан астам азаматы өз елдеріне оралды.

Біздің Анкарадағы елшілігіміз қазақстандықтарды Түркиядан осы ұшақпен қайтып әкелу мәселесін алдын ала түрік тарапымен пысықтаған болатын.

Алайда, түрік тарапы отандастарымызды аталған ұшаққа отырғызудан бас тартты", - делінген хабарламада.

Смадияров ҚР Сыртқы істер министрлігі шет елдегі біздің азаматтарымыздың отанға оралуына көмек көрсетуін жалғастыратынын айтты. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети