Түркияда астық тиелген кеме ұсталған жоқ - БАҚ

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Иллюстрация: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Иллюстрация: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Түркияда астық тиелген "Жібек жолы" кемесі ұсталған жоқ. Бұл туралы Запорожье облысының Әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Түркияда астық тиелген "Жібек жолы" кемесі ұсталған жоқ. Бұл туралы Запорожье облысының Әскери-азаматтық әкімшілігінің басшысы Евгений Балицкий мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости порталына сілтеме жасап. 

"Кеме қозғалысына тыйым салынған жоқ, бізде, біздің астық компаниясында, осы құрғақ жүк таситын кемеге қатысты бұйрық жоқ. Біздің компания тек транзиттеуші болды, бұл жағдайда таллин және түрік компаниялары арасында келісім жасалды. Заң тұрғысынан алғанда бұл кемеде жағымсыз нәрсе болуы екіталай", - деді Балицкий "Россия 24" арнасының эфирінде.

Еске салайық, бұған дейін астық сату мәмілесі эстониялық Mangelbert OU компаниясы мен түрік тарапы арасында жүргізілгені хабарланған болатын. Еуропада тіркелген компания мәміленің заңды екенін мәлімдеп отыр. Жағдайды түсіндіру және халықаралық құқықбұзушылықтарды болдырмау мақсатында ҚТЖ кемені жалға алушыға барлық растаушы құжатты (келісімшарттар, куәліктер және т.б.) қоса бере отырып, мән-жайды жедел түрде егжей-тегжейлі түсіндіруді сұрап хат жолдады. ҚТЖ халықаралық құқық нормаларын сақтауға міндетті екенін хабарлаған болатын.

Reuters мәліметінше, Украина Түркияға "Жібек жолы" жүк кемесін ұстау және оның қозғалысына тыйым салу туралы өтініш білдірген. Ол Ресей басып алған Бердянск портынан Украина астығын тасымалдағаны хабарланды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев қажет болған жағдайда Қазақстан "Жібек жолы" кемесін жалға алған ресейлік компаниямен келісімшартты бұза алатынын мәлімдеді. Ол кемеге қатысты жағдайдың Қазақстанға салдары болмайтынын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 513.5  course up  583.17  course up  6.22  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro