29 қазан 2022 08:54

Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ztb.kz ztb.kz

Түркияның Измир қаласында жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды. Бұл туралы Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркияның Измир қаласында жоғалып кеткен қазақстандық студент табылды. Бұл туралы Қазақстанның Ыстамбұлдағы Бас консулдығы Telegram-арнасында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Олар достарымен клубқа барған соң жоғалып кеткен Рауан Дарханұлын 22 қазаннан бері іздеді.

"Осы уақыт аралығында Бас консулдық Измир губернаторымен, Измир полициясымен және қазақстандықтар арасынан шыққан еріктілермен жоғалған адамды іздестірді. Бүгін, 28 қазанда ол табылып, полиция бөліміне жеткізілді. Оның қасында анасы мен консулдық қызметкерлер бар", - делінген Бас консулдықтың хабарламасында.

Ведомство өкілдері студенттің қай жерден және қандай жағдайда табылғанын нақтыламады.

Сондай-ақ, Бас консулдық кейінгі кездері Түркиядағы қазақтарға қатысты түрлі оқиғалар жиілеп кеткенін хабарлады.

"Олардың ішінде төбелес, алаяқтық, хабар-ошарсыз кеткендер, медициналық және танымдық туризм саласындағы оқиғалар бар. ҚР СІМ ел азаматтарын шетелде жүргенде барынша сақ болуды сұрайды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Әлеуметтік желілерде жоғалған студенттің туыстары Рауан Дарханұлы мен үш студенттің 22 қазанда кешке Докуз Эйлуль университетінің кампусынан кешкі ас ішу үшін шыққанын хабарлаған. Рауанмен бірге білім алатын студенттердің айтуынша, олар кафеден шыққан кезде Рауан смартфонның жоғалғанын түсінген. Смартфонын іздеу үшін ас ішкен жерге қайта барып, оралмаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети