24 мамыр 2021 15:08

Түркістан әкімі Илон Маскқа ұсыныс жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.kz/©REUTERS Фото: gov.kz/©REUTERS

Түркістан әкімі Рашид Аюпов Twitter-де Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маскқа ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан әкімі Рашид Аюпов Twitter-де Tesla-ның негізін қалаушы Илон Маскқа ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол америкалық миллиардерге Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынды.

"Зауыт Қазақстанда, Түркістан қаласында Байқоңыр ғарыш айлағы маңында болуы тиіс. Бізде Менделеев кестесіндегі бүкіл элемент бар. Қала Жібек жолы өтетін жерде орнасақан және т.б. Барлық инфрақұрылым мен арнайы экономикалық аймақтар бар. Түркістан Tesla үшін қолайлы. Марсқа бірге жетейік! Құрметпен қала әкімі Рашид Аюпов", - деп жазды әкім.

Бұған дейін америкалық миллиардер Илон Маск Қазақстанға, Ресейге және ТМД-ның басқа елдеріне Tesla ресми түрде келетінін айтқан болатын.

"Біз жақында Ресейде боламыз, ал Tesla Ресейге ресми барады. Бұл керемет болар еді. Сондай-ақ, Қазақстанға, ТМД елдеріне кеңінен қарау керек", - деді Маск ресейлік "Новое знание" марафонында бейне байланыс арқылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети