30 қазан 2020 12:49

Түркістан облыстық сотының судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облыстық сотының судьясы бес жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Түркістан облыстық сотының судьясы бес жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"27 қазанда Шымкент қаласы Қаратау аудандық сотының үкімімен Түркістан облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі алқа төрағасы Бекімбетов 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Осы үкіммен "Азия Строй" ЖК банкроттық басқарушысы Ережепов 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды", - деді Қазақстан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров.

Бекімбетов Ережеповтен жеке кәсіпкердің қорытынды есебі мен тарату теңгерімін бекіту туралы сот ұйғарымын орындауды кейінге қалдыру туралы азаматтық іс бойынша оң шешім шығарғаны үшін 300 мың теңге пара алды деген күдікке ілінгені хабарланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети