16 маусым 2023 10:35

Түркістан облысында Ауыл шаруашылығы министрлігінің шенеуніктері пара алғаны үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысында "Құт береке" шаруа қожалығының директоры мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.


Түркістан облысында "Құт береке" шаруа қожалығының директоры мен Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің қызметкерлері пара алғаны үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, 12 маусымда Шымкент қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринариялық қызметтің, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларына және "Құт Береке" шаруа қожалығының басшысы мен өкілдеріне қатысты үкім шығарды.

Аталған адамдар ветеринариялық рұқсаттар мен сертификаттар бергені, малды мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз өткізгені, қызметтік жалғандық жасағаны, жалған құжаттарды бұрмалағаны және пайдаланғаны үшін жүйелі негізде пара алғаны және бергені үшін кінәлі деп танылды.

Шаруа қожалығының басшысы мен ветеринариялық қызметкері мемлекеттен мал шаруашылығын дамытуға субсидия бөлген кезде 104 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырған.

Сот үкімімен кінәлі адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 1 жыл 5 айдан 7 жыл 6 айға дейін, сондай-ақ 2 немесе 26 миллион теңгеге дейін айыппұл тағайындалды. Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети