Түркістан облысында "Жолда қабылдау" акциясы өтіп жатыр

15 Маусым, 16:58
0
Түркістан облысында "Жолда қабылдау" акциясы өтіп жатыр -

Бүгін Түркістан облысында полицейлердің ұйымдастыруымен республикалық "Жолда қабылдау" акциясы өтіп жатыр, - деп хабарлайды Оtyrar.kz тілшісі.

Бұл акция ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тікелей тапсырмасымен іске асырылып жатыр.

Акцияның негізгі мақсаты - тұрғындарға заң тұрғысынан көмек беру, құқықтық сауаттылықты арттыру және полицияның ашықтығы мен айқындылығын көрсету. Осы мақсатта Түркістан облысының полицейлері тұрғындарды қабылдап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Акцияның бірінші күнінде тәртіп сақшылары түске дейін облыс бойынша 700-ге жуық адамды қабылдады. Сондай-ақ, аталған акцияның құптарлық шараның бірі екендігін бір ауыздан қолдаған қатысушылар өздеріне берілген жауаптарға қанағаттанып, ризашылықтарын білдірді.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай