18 сәуір 2020 10:37

Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі коронавирус жұқтырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 сәуірде коронавируспен тіркелген 45 науқас жайлы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемкомиссияның жедел штабына сілтеме жасап.


18 сәуірде коронавируспен тіркелген 45 науқас жайлы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемкомиссияның жедел штабына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы - 6 жағдай

"Бірінші жағдай - науқас 33 жастағы Орал қаласының тұрғыны. Науқас жұқтырғандармен байланыста, карантиндік стационарда болды.

Қалған 5 азамат - РФ-да вахталық әдіспен жұмыс істейтін БҚО тұрғындары.

"Тасқала" бекетінде тексеріс кезінде дене қызуы жоғары азаматтар табылды. Олар провизорлық стационарға жатқызылды", - делінген хабарламада.

Шымкент қаласы - 11 жағдай

Барлығы бұрын жұқтырғандармен байланыста болған. Карантиндік стационарда болған.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланған.

Қарағанды облысы - 2 жағдай

18 және 52 жастағы екі науқас та бұрын ауырғандармен жақын байланыста болған. Олар карантиндік стационарда жатқан.

Түркістан облысы - 1 жағдай

1994 жылғы науқас - жүк көлігінің жүргізушісі. Сарыағаш ауданының тұрғыны. 15 сәуірде Ресейден келіп, стационарлық клиникаға оқшауланған.

Атырау облысы - 4 жағдай

Науқастардың барлығы - 1980, 1990, 1990 және 1983 жылғы ер адамдар. Барлығы да бұрын жұқтырғандармен байланыста, карантиндік стационарда болған.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети