18 сәуір 2020 12:21

Таразда жүкті әйелден коронавирус анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 сәуірде коронавируспен тіркелген науқастар жайлы тағы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемкомиссияның жедел штабына сілтеме жасап.


18 сәуірде коронавируспен тіркелген науқастар жайлы тағы ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемкомиссияның жедел штабына сілтеме жасап.

Павлодар облысы - 2 жағдай

Бірінші жағдай - 1983 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны. Бұрын КВИ жұқтырғандармен байланыста болған.

Екінші жағдай - 1963 жылғы Екібастұз тұрғыны. Жоғары температураға, әлсіздік пен қалыпты жөтелге шағымдарымен провизорлық госпитальға жеткізілді. КВИ расталды.

Пациенттің айтуынша, елден тыс жерге шықпаған, КВИ жұқтырғандармен байланыста болмаған.

Екі жағдайда да байланыста болған адамдардың шеңбері анықталып жатыр.

Ақтөбе облысы - 5 жағдай

Үш жағдай - 1994 және 1998 жылғы екі ер адам, 1945 жылғы әйел адамнан анықталды.

Төртінші жағдай - 1978 жылғы ер адам Ақтөбе облысының тұрғыны. РФ-дан пойызбен, содан кейін Жайсанға дейін таксимен келген. Ол бірден карантиндік стационарға жатқызылды.

Бесінші жағдай - 1986 жылғы Түркістан облысының тұрғыны. 16 сәуір күні Жайсанның карантиндік стационарына түсіп, Мәскеуден Жайсан арқылы таксимен келген. Ол жөтелге байланысты провизорлық стационарға ауыстырылды.

Қостанай облысы - 2 жағдай

48 және 49 жастағы ер адамдар Жітіқара ауданының тұрғындары.

Бір ер адамның диагнозы карантинге алынған адамдарды тексеру кезінде анықталды. Екінші науқас бұрын КВИ жұқтырғандармен байланыста болған.

Жамбыл облысы - 5 жағдай

4 жағдай - 18 сәуірде, 1 жағдай - 17 сәуірде тіркелген. 

1-ші жағдай бойынша - Қырғыз Республикасының азаматы, Токмак қаласында тұратын жүргізушіден анықталды. Алматы қаласына жүк алуға келген. Мемлекеттік шекарадан өту кезінде "Қарасу" өту пунктінде ПТР-зерттеуге талдау алынды. Нәтижесі оң болды. Бішкекке арнайы көлікпен тасымалданды.

2 - ші жағдай бойынша - 2002 жылғы Қордай ауданының тұрғыны. Бұрын КВИ жұқтырғандармен байланыста, карантиндік стационарда болған. Бастапқы КВИ-ға нәтиже теріс, кейін оң болды.

3 жағдай бойынша - 1970 жылғы Тараз қаласының тұрғыны. Медбике болып жұмыс істейді. 13 сәуірден бастап қашықтан жұмыс істеген. Жоғары температура шағымымен, КВИ-ға талдауға ауруханаға жеткізілген.

4-ші жағдай бойынша - 1987 жылғы Тараз қаласының тұрғыны. Жүктіліктің 20-аптасында болған. Температураның 37,5 ºС дейін көтерілуі, жөтел, ентігу шағымдарымен клиникасы бар провизорлық стационарға жатқызылды.

5-ші жағдай бойынша - 1991 жылғы Жамбыл ауданының тұрғыны. Әскери қызметші. Бұрын КВИ жұқтырғандармен байланыста, үй карантинінде болды.

Нұр-Сұлтан қаласы - 4 жағдай

28, 27, 33, 37 жастағы екі ер және екі әйел адамнан диагноз расталды. Барлығы тексеріс барысында анықталды.

Мұның алдында Қазақстанның бес өңірінде анықталған КВИ жағдайлары бойынша ақпарат берілген болатын.

Түркістан облысында жүк көлігінің жүргізушісі коронавирус жұқтырған

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети