27 сәуір 2020 11:19

Түркістан облысында полицейге қол көтерген ер адам видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Түркістан облысы Кентау қаласының полицейлері карантин режимін бұзғанына қарамастан тәртіп сақшыларына қол көтерген жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.


Түркістан облысы Кентау қаласының полицейлері карантин режимін бұзғанына қарамастан тәртіп сақшыларына қол көтерген жергілікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 сәуірде Кентау қаласы полициясының кезекші бөліміне карантин кезінде қала көшелерін патрульдеген полицейлерге шабуыл жасалғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Кентау қалалық ПБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері төтенше жағдай режимін бұзуды анықтау және жолын кесу бойынша қызмет атқару кезінде көшеде бетпердесіз жүрген ер адамды тоқтатқан. Тәртіп сақшылары ер адамды полиция бөліміне жүруді өтінген кезде ол билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбаған, күш қолданып, полиция қызметкерлеріне дене жарақатын салған", - деді полицейлер.

Күдікті ұсталды, ол бұрын есірткі ұрлағаны және сақтағаны үшін сотталған Кентау қаласының тұрғыны болып шықты.

Полицейлердің мәліметінше, бұл жағдай Кентау қаласы ПБ-нің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 1-бөлігімен ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша тіркелді. Қазіргі таңда осы бап бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда Кентау қалалық сотының шешімімен күдіктіге қатысты үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети