06 шілде 2021 17:41

Түркістан облысында шектеу шаралары қатаңдайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Түркістан облысының бас санитария дәрігері Нұрбек Нышановтың өңір аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысының бас санитария дәрігері Нұрбек Нышановтың өңір аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдату туралы жаңа қаулысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Санитария дәрігері коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанға дейін Түркістан облысының аумағында карантин мен шектеу шараларын қатаңдатуға қаулы етті.

Өңірде бұқаралық іс-шаралар: мерекелік, ойын-сауық мәдени-бұқаралық, отбасылық шаралар, конференциялар, семинарлар, мерекелік концерттер өткізуге тыйым салынады.

Маска тағу және 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау талаптарын қатаң сақтау қажет. Ойын-сауық объектілерінің: түнгі, ойын клубтарының, букмекерлік кеңселердің, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдарының, батуттар мен аттракциондардың қызметіне тыйым салынады.

Ashyq жобасына қатыспайтын нысандардың қызметіне, сондай-ақ ойын-сауық іс-шараларына: марафондар, көрмелер, жобаға қатыспайтын салаларда көрермендер келетін спорттық іс-шаралар өткізуге тыйым салынады.

65 жастан асқан адамдарға аса қажеттілік болмаса далаға шығуға болмайды.

Қаулының толық мәтінін мына сілтемеден оқуға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети