04 мамыр 2020 11:26

Түркістан облысында су басқан үйлерден 31 мың адам эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: ТЖК Фото: ТЖК

Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бері 31 606 адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.


Түркістан облысы Мақтаарал ауданының су басқан елді мекендерінен 2 мамырдан бері 31 606 адам эвакуацияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап.

4 мамыр күнгі ақпарат бойынша Жаңа-Тұрмыс (46 үй), Жеңіс (130 үй), Фирдоуси (250 үй), Өргебас (194 үй), Достық(11 үй) елдімекендерінен жалпы саны631 үй су астында қалған.

"2 мамырда Атакент елді мекенінде 24 эвакуациялық бөлім құрылып, жұмыс жүргізіліп жатыр. Апаттан құтқару жұмыстарына жалпы саны 986 адам, 4 қайық, 180 дана техника тартылған. Полиция тарапынан Жаңа-Тұрмыс, Фирдоуси, Өргебас, Нұрлыжол, Иіржар елді мекендерінде бір, Т. Жайлыбаев ауылында екі блокбекет құрылып, оның жалпы саны 7-ге жетті", - делінген хабарламада.


Фото: turkistan.gov.kz

Түркістан облысындағы төтенше жағдай: үкіметтік комиссия құрылды

Еске салайық, Өзбекстанда 1 мамырда болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети