27 шілде 2020 12:24

Түркістан облысында той жасамақ болғандар анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Polisia.kz Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында полиция қызметкерлері карантин кезінде той жасамақ болған тұрғындарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Түркістан облысында полиция қызметкерлері карантин кезінде той жасамақ болған тұрғындарды анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Бұл оқиға бойынша 3 дерек тіркелген.

Манкент ауылында тұрғындар дүркіретіп той жасамақ болған. Бұл туралы Сайрам аудандық полиция департаментіне куәгерлер хабарлаған. Олардың айтуынша, ауыл тұрғындарының бірі үйінің алдына 50-ден аса қонақ шақырған. Бұл дерек нақтыланған соң, оқиға орнына тәртіп сақшылары барған.

"Карантин талабын өрескел бұзғаны үшін полиция қызметкерлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды. Істің материалдары тиісті органға жіберілді", - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Сайрам ауданының тұрғыны үйіне 20-дан аса қонақ шақырғаны анықталды. Ол ұлының үйленгенін тойлаған. Ал үшінші жағдайда тойдың иесі 15-тен аса қонақ шақырыпты. Ол қыз ұзату тойын жасаған.

"Мобилдьді топ деректерді тексеріп, той өткізуге жол берген жоқ. Барлық материал Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментіне жіберілді. Мемлекеттік орган тиісті шешімді қабылайды", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети