16 мамыр 2019 15:07

Түркістан облысында туристік полиция бөлімі құрылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасына және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасын бекітті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


ҚР премьер-министрі Асқар Маминнің 2019 жылғы 4 наурыздағы тапсырмасына және ҚР-ның туристік саласын дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға сәйкес туристер көп баратын облыстарда туристік полиция құру жөніндегі жол картасын бекітті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Аталмыш тапсырмасына сәйкес, Түркістан облысы Полиция департаментінің негізінде көші-қон полициясы басқармасының жанынан жаңа бөлім - туристік полиция құрылды. Оны құрудағы мақсат - Қазақстан Республикасының халықаралық имиджін жіне туристік тартымдылығын арттыру, елімізге шетел азаматтарының келген кездегі қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету және оларды толғандырған кез-келген сұрағы бойынша ақыл-кеңес беру, келеңсіз жағдайлар орын алса көмек көрсету болып табылады.

Елімізде Түркістан облысы мен Түркістан қаласы туристер көп келетін аймақ және туризм мен зиярат ету орталығының бірден-бір мекені екендігі белгілі, мұнда көптеген алыс-жақын шетелдерден қонақтар жиі келеді. Туристер облысымызда Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне, Арыстанбабқа және де басқа киелі орындарды аралап көруге құмартады. ТО ПД бастығының орынбасары А.Сейдуалиев жаңа бөлімнің ашылуына арнайы келіп, туристік полицейлердің жұмысына сәттілік тілеп, жақсы нәтиже көрсететіндеріне сенім білдірді.

Оның айтуынша "Бүгінгі таңда Түркістан облысы Полиция департаментінің туристік бөлімшесі 10 қызметкерден тұрады, оның 5 бірлігі Қожа Ахмет Яссауи кесенесінде болса, қалған 5 бірлік Отырар ауданы Полиция бөліміне, яғни Арыстан баб мавзолейіне берілді. Әр обьектіде модульдік түрдегі стационарлық бекеттер орналастырылып, жұмыс режимі бейнетітіркегіштермен, планшеттермен, рациялармен жабдықталған және Tourist Polise жазуымен нысанды киімдермен қамтамасыз етілген".

Сонымен қатар, Түркістандық туристік полиция қызметкерлері өздерінің кәсіби және қызметтік қасиеттері жоғары болуымен қатар, туристермен қарым-қатынас жасау үшін бірнеше тілді меңгерген, тарихты біліп, туристерге туындаған мәселелерін шешу үшін өзге құрылымдармен өзара іс-қимыл жасауды қамтамыз етуде қызмет жасауға дайын.

Полиция департаментінің мәліметі бойынша, туристік полиция қызметкерлері ең көрікті жерлер болып табылатын бес ауқымды нысандарда қызмет атқаратын болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети