08 тамыз 2018 17:31

Түркістан облысындағы аудан әкімінің ұсталғаны түсірілген видео пайда болды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынға сурет Видеодан алынға сурет

Түркістан облысы Ордабасы ауданының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық істің мән-жайы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде болған брифинг барысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Түркістан облысы Ордабасы ауданының бұрынғы әкіміне қатысты қылмыстық істің мән-жайы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде болған брифинг барысында айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Мұның алдында әкімді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің  коррупцияға қарсы Ұлттық бюро қызметкерлері пара алып жатқан кезінде ұстағаны хабарланған. 

"Түркістан облысының Антикоррупциялық қызметіне жеке ұйымдардың бірінің өкілі әкімнің тарапынан құқықбұзушылық болғанын хабарлаған. Дәлелдер бойынша, арыз беруші жұмыс істейтін жеке ұйым сәуірде мемлекеттік сатып алуда 2,2 миллион теңге жеңіп алған. Жұмыс істеу барысында күдікті арыз берушіге қосымша 2,1 миллион теңгеге келісімшарт жасасуды ұсынған. Ол қаражат үнемделген бюджет есебінен алынатын болған және бұл келісімшартқа кейін келісім берілді", - деп хабарлады ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

"Ордабасы ауданының әкімі жұмыстан кеткеннен кейін ұйымға бюджет қаражатының түсуіне байланысты әуре-сарсаң пайда болды. Әкімшілік ғимаратының маңында жайғасу мен кедергісіз барлық қаражатты аудару үшін әкім ұйым өкілінен 200 мың теңге пара сұраған. Қазіргі кезде әкім кінәсін мойындап, өкінішін білдірді. Ол өзіне қатысты қылмыстық істі аяқтап, сотқа дейінгі тергеуді шұғыл тәртіппен өткізуді сұрады. Осыған байланысты күдікті қоғамға қауіп төндірмейді деген негізде қамауға алынбады", - деп хабарлады Нұрлан Жахин.

Мұнымен қатар, Мемлкеттік қызмет істері мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Жамбыл облысы әкімдігінің жерлерді пайдалану және қорғалуын бақылау басқармасының басшысының ұсталған сәті түсірілген видеоны жария етті. 

Еске сала кетейік, шенеуік осыған дейін Жамбыл облысының шаруа қожалықтарының бірінің жетекшісінен жер учаскесін тиісті тіркеуге көмектескені үшін алдын ала келісілген 50 мың доллардан екі миллион теңге көлеміндегі параның бір бөлігін алды деген күдікке ілініп отыр. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, 2018 жылдың 27 шілдесінде жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелері бойынша бақарма басшысы әшкереленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети