09 наурыз 2023 15:08

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысының прокуроры Марат Әлиханов жұмыс орнында қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл ақпаратты Бас прокуратураның баспасөз қызметі растады.

Марат Тілеуқабылұлы 2020 жылдың ақпанында Бас прокурордың бұйрығымен Түркістан облысының прокуроры болып тағайындалған еді.

Марат Әлиханов бұрынғы Целиноград облысының Есіл қаласында 1965 жылы туған.

Евней Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін "құқықтану" мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1989 жылы Ақтөбе облысының Ақтөбе қалалық прокуратурасында тағылымдамашы-тергеуші қызметінен бастаған.

Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.

Бас прокуратураның басқарма мен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінде және Ақмола облысында құқық қорғау органдарының басшылық құрамында қызмет етті.

Бас көлік прокуроры Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети