06 сәуір 2022 10:37

Түркістан облысының тұрғыны зейнеткерді тірідей өртеп жіберген

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жантүршігерлік оқиға Шымкенттен небәрі 30 шақырым жердегі Сайрам ауданында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.


Жантүршігерлік оқиға Шымкенттен небәрі 30 шақырым жердегі Сайрам ауданында болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі otyrar.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәлімет бойынша, мұндай қатыгездікке баруына екі ер адамның екеуара жанжалдасуы себеп болған. Төбелесіп таяқ жеген ер адам ашуланып, өшін алу үшін бензин алып келген.

Терезені сындырып, аулада айқай салған. Сол сәтте үйден зейнеткер әйел аулаға шыққан. Ішімдік ішкен ер адам оған бензин шашып, өртеп жіберген.

Жедел іздестіру шаралары барысында екі күдікті де ұсталды.

Олардың біреуіне қатысты ҚК-нің 293-бабы "Бұзақылық" бойынша қылмыстық іс қозғалды, сот шешімімен ол кепілге жіберілді.

Екіншісіне қатысты ҚК-нің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдікті қамауға алынды.

"Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полицейлер.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети