22 сәуір 2019 16:43

Түркістанда ашық аспан астында көрме өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен Сурет Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен

Түркістанда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халық алдында атқарған қызметін, еліміздің жеткен жетістіктерін көпшілікке кеңінен насихаттау мақсатында "Елбасы және Қазақстан" атты көрме өтті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Онда Елбасыға арналған 150-ден астам кітаптар мен 200-ден астам естелік мағлұматтар жиынтығы қойылды. 

Іс-шараны ашқан облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының басшысы Нұрдәулет Исабек көрменің мақсатын кең көлемде айтып өтсе, Елбасымен Теміртауда бірге оқыған курстасы Әсетулла Каримов пен жас ақын Мұқағали Кенжетайұлы елді дамудың даңғыл жолына бастаған Елбасының ұлы істеріне тоқталды. 

Көрмеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен еңбек жолы, халық алдында атқарған қызметтері мен еліміздің жетістіктері кең көлемде қамтылған. Олардың ішінде Елбасыға арналған кітаптар, қызметі туралы құжаттар, фотоматериалдар және жеке қолданған заттары бар.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен ардагерлер, студенттер, мәдениет, білім салаларының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Өнерпаз жастар Елбасына арналған әндерді орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети