Түркістанда колледж студенттері зауытта өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

2025 жыл Қазақстанда "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жастарды нақты өндірістік дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде белгіленді. Осы бастама аясында Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенттері өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

2025 жыл Қазақстанда "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жастарды нақты өндірістік дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам ретінде белгіленді. Осы бастама аясында Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының студенттері өндірістік тәжірибеден өтіп жатыр - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Студенттер "Turkestan Textile" ЖШС фабрикасында үш жақты келісім негізінде кәсіптік машықтарын жетілдіріп жатыр. Серіктестік директоры Әлішер Абултаев оқу орны мен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастық алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды оқыту әдісінің енгізілуі студенттер үшін үлкен мүмкіндік. Олар оқу барысында теориялық білім алумен қатар, өндірістік ортада тәжірибе жинақтап, болашақ мамандықтарына толықтай бейімделе алады.

Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің "Тігін өндірісі және өнер" бөлімінің меңгерушісі Кулжан Омарбаева өндірістік тәжірибе жастарға жаңа машық беріп, өз мамандықтарын жақынырақ тануға септігін тигізеді дейді.

"2025 жыл Қазақстанда жұмысшы мамандықтар жылы ретінде жарияланды. Бұл бастама еліміздегі кәсіби білім беру жүйесін дамытуға, жастарды нақты өндірістік дағдылармен қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам болып табылады. Осы бастаманың аясында колледж студенттері өндірістік тәжірибеден өту үшін еліміздің түрлі кәсіпорындары мен фабрикаларында жұмыс істеп жатыр. Аталған жыл аясында, Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді үлгіле" мамандығының студентері үш жақты келісім бойынша кәсіптік тәжірибелерін "Turkestan Textile" ЖШС мекемесінде өтіп жатыр. Бұл фабрикада түрлі саладағы жұмысшылар формасы, сонымен қатар мектеп оқушыларының формасы мен дәрігерлердің арнайы киімдері және құрақ көрпешелер тігіледі. Өздерін жұмыс орнында сынақтан өткізу арқылы болашақ мамандарымыз дағдылары мен біліктерін шыңдауға мүмкіндік алды. Серіктестік директоры Әлішер Абултаев оқу орны мен кәсіпорын арасындағы ынтымақтастықты жалғастырып, студенттердің үйренуге деген құлшыныстарына көп мүмкіндік жасап отыр", - деді Күлжан Омарбаева.

Ұстаздың айтуынша, білім алушылар тек колледждегі теориялық біліммен шектелмей, кәсіпорындағы нақты жұмыс жағдайларында тәжірибе жинақтайды.

"Қазір жұмысшы мамандармен қатар отырып киім үлгілерін өңдеп отыр, бұл олардың болашақ жұмысында табысты болуына ықпал етеді, Студенттер өндіріс процесінің барлық кезеңдеріне қатыса отырып, нақты еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды меңгереді. Бұл тәжірибе олардың мамандыққа деген қызығушылығын арттырып, болашақта еңбек нарығында сұранысқа ие болу мүмкіндігін береді. Оқу орнын бітіріп шыққан көптеген студенттеріміз осы "Turkestan Textile" фабрикасында жұмыс істеп жатыр. Атап айтсақ, Сауан Жанерке, Мұратқызы Амина, Арай, Қайнарбек Нұрай, Тынышбекова Балнұр сынды түлектеріміз осы кәсіпорындағы үздік тігінші мамандар қатарына іліккен. Қорыта айтарым - колледж студенттерінің фабрикалар мен кәсіпорындарда тәжірибеден өтуі олардың болашақтағы жұмысқа қабілеттілігін арттырып, еңбек нарығына дайын болуына мүмкіндік береді. Бұл бастама жастарды жұмысшы мамандықтарына ынталандырып, еліміздің өндірістік әлеуетін күшейтуге бағытталған маңызды шара болып табылады. "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығында және басқа да саладағы жұмысшы мамандықта оқитын білім алушылардың еңбек жолындағы қадамдарына сәттілік тілеймін!", - деді "Тігін өндірісі және өнер" бөлімінің меңгерушісі Кулжан Омарбаева.

Колледждің 3-курс студенті Пернебек Балжанның сөзінше, қазіргі таңда олар жұмысшылардың арнайы киімдерін тігуді меңгеріп жатыр.

"Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығының 3-курс студентімін. Кәсіптік және өндірістік практикаларды группаластарыммен бірге "Turkestan Textile" фабрикасында өтудемін. Бұл Түркістан өңіріндегі ірі кәсіпорын, фабрикадағы киімді өңдеу жабдықтары жаңа әрі жоғары қуатты. Қазіргі уақытта жұмысшылардың арнайы киімдерін өңдеудің қыр-сырын үйреніп жүрмін. Колледжді бітірген соң осы фабрикада жұмыс істеуді өзіме мақсат етіп отырмын", - деді Балжан.

Сондай-ақ, 3-курс студенті Халикова Фатима да өндірістік тәжірибеден соң аталған тексиль компаниясында жұмысқа қалуға шешім қабылдағанын жеткізді.

"Жас кезімнен киімді үлгілеп тігу жас кезден арманым болатын, сондықтан Түркістан жоғары көпсалалы қолөнер колледжінің "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" мамандығын қалап білім алуға келдім. Мақсатым іске асып қазір сапамен киімді үлгілеп тігуге дағдыландым. Оған қажетті теориялық білімге, дағдыға сүйікті колледжімде, ал жылдам тігу тәжірибесіне "Turkestan Textile" фабрикасында практикада жүріп үйрендім. Биыл диплом алған соң осы фабрикада жұмыс істесем деп жоспарлап отырмын", - деп пікір білдірді Фатима.

Бұл бастамалар еліміздегі кәсіптік білім беру мен өндірістің өзара ықпалдастығын арттырып, болашақ мамандарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін кеңейтіп отыр.

Айта кетейік, Қазақстанда 2025 жыл "Жұмысшы мамандықтар жылы" деп жарияланды. Бұл бастама елдегі техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамытуға, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға және жастарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптерге тартуға бағытталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer