10 қаңтар 2023 08:51

Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметке тағайындалды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов "Хабар" агенттігінің креативті продюсері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатов "Хабар" агенттігінің креативті продюсері болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы "Хабар" Агенттігі" АҚ басқарма төрағасы Берік Уәли Facebook-парақшасында хабарлады.

"Белгілі өнер қайраткері Тұрсынбек Қабатов бүгіннен бастап "Хабар" Агенттігі" АҚ-ның креативті продюсері ретінде қызметке кірісті. Бойындағы таланты мен тынымсыз еңбегінің арқасында халықтың ықыласына бөленген Тұрсынбек Аманғалиұлы қолға алған кез келген жоба табысты болып жатады. Ол әдемі қалжыңы арқылы қоғамдағы өзекті мәселелерді қозғап, әрдайым көпшіліктің көкейіндегіні айтып жүретіні белгілі. Оның ішінде отандық телеарналардағы "Әзіл әлемі", "Көңілді тапқырлар алаңы" сияқты жобалары көрермен тарапынан үлкен сұранысқа ие", - деді Берік Уәли.

Оның сөзінше, Тұрсынбек Қабатов жаңа қызметінде көрерменнің көзайымына айналатын тың, қызық жобаларды әзірлеумен және үйлестірумен айналысады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети