Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті пластмасса күрішке қатысты пікір білдірді

13 Наурыз 2017, 15:02
0
Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті пластмасса күрішке қатысты пікір білдірді - © ZdravoE.com
© ZdravoE.com

ҚР ҰЭМ Тұтынушылар құқығын қорғау комитеті Алматыдағы дүкендердің бірінен сатып алынған өзгеше күріш туралы пікір білдірді. Комитет өкілі Әйгерім Сәдуованың Tengrinews.kz тілшісіне берген мәліметі бойынша, осы уақытқа дейін Комитеттің аймақтық органдары мен орталық аппаратына пластмассадан жасалған күріш бойынша ешкім арызданбаған. 

"Қазақстанға пластмассадан жасалған күрішті әкелу оқиғасы анықталған жоқ, өйткені ай сайын біз жарма өнімдеріне мониторинг жүргіземіз. Күрішті сату бойынша ереже бұзулар бар, бірақ маркасын ауыстыру, микробиологиялық және санитарлық талаптарды сақтамау бойынша жоқ. Жарманың көгеріп кеткен жағдайлары болған, алайда құрамында пластмассаның болуы кездескен емес", - дейді Сәдуова. 

Сонымен бірге, Сәдуова Комитет қызметкерлері ол дүкенді тексере алмайтынын айтады. 

"Тұтынушы бізге хабарласпағандықтан, дүкен туралы ақпаратымыз жоқ. Кәсіпкерлік кодекстің 144-бабы бойынша тексеруге жеке немесе заңды тұлғаның арызы қажет. Осы жағдайда ер адам сол дүкеннің түбіртегін алып келіп, бізге арыздана алады", - деп атап өтті ол. 

Ал мамандар құрамында бөгде заттары бар жармаларды тамаққа пайдалану денсаулыққа зиян болатынын жоққа шығармайды. 

"Тамақ токсикоинфекциясы болмайды, өзге аурулар болуы мүмкін. Өйткені ол қорытылмайды, зиян заттар бөледі", - дейді комитет өкілдері.

Еске салайық, мұның алдында Алматы тұрғыны қалалық дүкендердің бірінен сатып алған өзгеше күрішті видеоға түсіріп алған болатын. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай