20 шілде 2016 16:25

Туыстарымен жанжалдан кейін жоғалған қызды анасы бір жылдан бері іздеп жүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гүлфайруз Рысқұлова Гүлфайруз Рысқұлова

Астана қаласының 65 жастағы тұрғыны Шара Рысқұлова туыстарымен болған ұрыстан кейін үйден кетіп қалған 23 жастағы қызы Гүлфайруз Рысқұлованы бір жылдан бері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының 65 жастағы тұрғыны Шара Рысқұлова туыстарымен болған ұрыстан кейін үйден кетіп қалған 23 жастағы қызы Гүлфайруз Рысқұлованы бір жылдан бері іздеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жоғалып кеткен қыздың анасы оның оқу бітірген соң жеке бизнеспен айналыса бастағанын айтты. Ол риэлтор болып жұмыс істеді. Сонымен қатар, Шара Рысқұлова қызы жоғалып кетпестен бұрын оның Өзбекстандағы бір жігітпен байланысы бар екенін байқаған.

"Қызым бизнесті бастағаннан бері қалтасында қомақты ақшалар жүрді. Соңғы кездері оның туыстарға деген қарым-қатынасы да өзгерген еді. Туыстарын менсінбей, торлыққанды адам болып кетті. Мен сонда оған бұл ақшалардың жақсылыққа апармайтынын айтқан едім. Ол мені тыңдамады. Түнде үйде қонбай жүрді. Себебі, оның өзінің 10 жалдамалы пәтері болды. Кейіннен өзбекстандық жігітпен сөйлесіп жүрді. Ол оған қызымның бизнесіне көмектесіп жүрді. Жиһаз алды. 2015 жылдың 20 маусымында біз қызымызбен қатты ұрысып қалдық. Содан ол үйден кетіп қалды", - деп еске алды әйел.

Сонымен қатар, ол бұл жанжалдан кейін қызын шамамен бір ай іздемегенін айтты. Алайда, анасы қызының үйге қайтуға ойы болмағандықтан іздестіру жұмыстарын бастады. Бастапқыда Гүлфайруз қоңырауларды алмай, өшіріп тастайтын болған. Ал кейіннен телефонын сөндіріп қойды.

"Менің ойымша, ол сол жігітпен бірге тұрып жатыр. Себебі, біз полицейлермен біріге отырып оларды жалдамалы пәтерде ұстамақшы болған едік. Алайда, олар сол пәтерден көшіп үлгерді. Мәйітханадан бір қыздың сүйегі табылды дегенде ДНҚ сараптамасын тапсырып та үлгердім. Сараптаманың қорытындысы бойынша, ол сүйек менің қызымдікі емес болып шықты", - деді Шара Рысқұлова.

Анасы қызының тірі екендігіне сенімді. Соңғы рет Гүлфайруз Рысқұлованы биыл көктемде көрген. Оның құрбыларының бірінің айтуынша, осы жылдың сәуірінде оның телефоны қосулы болды. Айта кетейік, Гүлфайрузды Халыққа қызмет көрсету орталығынан басқа үй жануарларына арналған орталықта көріпті.

"Ол мысықты қатты жақсы көреді. Сондықтан панадан 16 мысықты алып кетуге келген. Онда жұмыс істейтін Мира есімді қыз оның қасында бір жігітті көрген. Гүлфайруз сол кезде хиджаб киіп алған еді. Меніңше, ол бір ұйымға кірді. Себебі, менің қызым үнемі сәнді дүкендерде киініп, қысқа белдемше де киетін. Кейде түнгі клубтарға барды. Мен қызымды қайтарғым келеді. Егер де ол бір сектаға кіріп кетсе, емдеймін. Қандай ана өз баласынан бас тартады. Ол отбасымыздың кенжесі, оның ағасы мен әпкесі бар", - деді анасы.

Рысқұлова Гүлфайруз Жақыпбекқызы 1993 жылы 19 наурызда дүниеге келген. Ол туралы қандай да ақпарт білетіндеріңіз болса, туыстары мына номерлерге хабарласуды сұрайды +7 705 424 9562, +7 707 616 0211, +7 747 733 5361, +7 705 276 6101 немесе 102.


Шара Рысқұлова мен оның қызы Гүлфайруз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети