17 шілде 2020 10:04

Twitter соңғы 30 күнде құпиясөзін өзгерткен аккаунттарды бұғаттайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: pixabay.com Фото: pixabay.com

Ауқымды хакерлік шабуылдан кейін Twitter соңғы 30 күнде құпиясөзді өзгертуге тырысқан барлық аккаунтты бұғаттауды ұйғарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ауқымды хакерлік шабуылдан кейін Twitter соңғы 30 күнде құпиясөзді өзгертуге тырысқан барлық аккаунтты бұғаттауды ұйғарды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бізде хакерлік шабуыл жасағандардың құпиясөздерді алғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Бірақ өте сақ болған жөн. Сондықтан біз 30 күнде құпиясөзді өзгертуге тырысқан барлық аккаунтты бұғаттайтын болдық", - дейді компания өкілдері.

Осыған байланысты Twitter кейбір қолданушылар өз аккаунттарына кіре алмауы мүмкін екенін ескертті.

"Егер сіздің аккаунтыңыз бұғатталса, бұл оның бұзылғандығы туралы дәлел бар дегенді білдірмейді. Оны қалпына келтіру қосымша уақыт алуы мүмкін. Себебі, құқық иесіне аккаунтына кіруін растау үшін қосымша шаралар қолданылады. Қазір біз тергеу жүргізіп жатырмыз", - деді компания өкілдері.

Кейін Twitter шамамен 130 аккаунтқа шабуыл жасалғанын хабарлады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети