05 тамыз 2022 13:04

"Тыйым салынған жоқ". Премьер-министр Ауыл шаруашылығы министрлігін сынға алды

Сұлу Бөлек Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Primeminister.kz Фото: Primeminister.kz

Премьер-министр Әлихан Смайылов жеке бизнес өкілдері, "Атамекен" ҰКП және орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысқан Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Премьер-министр Әлихан Смайылов жеке бизнес өкілдері, "Атамекен" ҰКП және орталық мемлекеттік органдар басшылары қатысқан Отандық кәсіпкерлер кеңесінің кезекті отырысын өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Primeminister.kz баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырыста Үкіметтің орта мерзімді кезеңге арналған жаңа экономикалық саясатының жобасы талқыланды.

"Біз үшін экономикалық өсім арқылы азаматтардың әл-ауқатының артуы, табысының өсуі маңызды. Бұл орайда экономикалық өсу тұрақты болуы керек. Осыған байланысты, бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытуға баса назар аударғымыз келеді. Сонымен қатар, барлық басқа сала да құрылымдалып, осы құжатта көрсетілген. Егер бизнес өкілдерінің нақты ұсыныстары болса, оларды ескеруге дайынбыз", - деді премьер-министр.

Ауыл шаруашылығын реттеу мәселелерін талқылау аясында премьер-министр салалық министрлік тарапынан жіберілген кемшіліктерге назар аударды.

"Ауыл шаруашылығы министрлігі атқарылып жатқан жұмысты дұрыс түсіндірмейді. Сондықтан кәсіпкерлерде не болып жатқаны туралы қате түсінік қалыптасады. Бидайды шығаруға ешқандай тыйым салынған жоқ! Біз квота түрінде шектеулер енгіздік, бірақ оны әдеттегі экспорт көлемінен жоғары қойдық", - деді Әлихан Смайылов.

Үкімет басшысының айтуынша, егер Қазақстан айына шамамен 350 мың тонна астық экспорттап отырған болса, квота биылғы қыркүйек аяғына дейін қолданыстағы экспорт келісімшарттарын шектемейді. Азықтық астықты бақылаусыз жаппай шығарудың алдын алуды қамтамасыз ету үшін айына 500 мың тоннадан жоғары деңгейде белгіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети