23 қаңтар 2017 | 16:30

Уақытша тіркелмеген қазақстандықтарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Полицейлер уақытша тіркелмеген қазақстандықтарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл сала бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Полицейлер уақытша тіркелмеген қазақстандықтарға наурыз айының ортасынан бастап айыппұл сала бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов айтты.

"Бүгінде премьер-министрдің барлық нормативтік-құқықтық актілері жазылған қаулысы шықты. Ол қаулы белгіленген уақытта орындалуы тиіс, яғни, биыл ақпан айында. Ақпан айының соңына дейін біз қаулыны бекітуіміз керек. Заң үкіметте бекітілген соң, ол ақпарат құралдарында жарияланып, он күннен кейін заңды күшіне енеді. Бүгінде заңға сәйкес акт бекітілмейінше, бізде әкімшілік заңнаманың нормалары қолданылмайды. Сондықтан наурыз айының ортасына дейін уақытша тіркеуге тұрмаған қазақстандықтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды", - деді Серік Сайынов.

Оның айтуынша, қазақстандықтарда ХҚКО-да немесе "Электрондық үкімет" арқылы уақытша тіркеуге тұруға әлі 1,5 ай уақыт бар.

Еске сала кетейік, осыған дейін ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов саяжайда тұрып жатқандарды тіркеу тәртібі туралы айтып берген болатын. ІІМ өкілі үйдің пайдалануға берілмеген жағдайдағы тіркеуге тұру туралы сұраққа да жауап берген болатын. "Үй пайдалануға берілмеген болса, тұрғылықты орны бойынша тіркеуге ала аламыз. Сонымен қатар осы мәселені шешу механизмі қарастырылып жатыр", - деген еді ол.

Сондай-ақ, ол тұрғылықты жер бойынша тіркеудің көшеде тексерілмейтінін айтқан еді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети