16 қаңтар 2017 13:06

Тұрғылықты жер бойынша тіркеу көшеде тексерілмейді - Көші-қон полициясы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Liter.kz © Liter.kz

ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов Tengrinews.kz сайтындағы онлайн-конференция барысында қазақстандықтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көшеде тексерілмейтінін айтты. 


ҚР ІІМ Көші-қон полициясы департаментінің басшысы Серік Сайынов Tengrinews.kz сайтындағы онлайн-конференция барысында қазақстандықтардың тұрғылықты жері бойынша тіркелуі көшеде тексерілмейтінін айтты. 

"Тіркеу көшеде тексерілмейді, сондықтан көшеде тұрып өзіңіздің тіркелгеніңізді дәлелдеп тұрудың қажеті жоқ. алайда сіздің тарапыңыздан қандай да бір заңбұзушылықтар болса, полицейлер бұл деректі өздері анықтап, тіркейді", - дейді ол.  

Айта кетейік, мұның алдында осы мәселе туралы заңгер Сергей Уткин полицейлердің азаматтардың құжаттары мен тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін негізсіз тексере алады деген еді.

"Ішкі істер огандарының қызметкерлері азаматтардан жеке басын куәландыратын құжатты және бекітілген ережелерді сақтауға арналған басқа да құжаттарды тексеруге құқылы. Айта кетейін, басқа қалаға достарына қонаққа келіп, дүкенге шыққан адамдар өзімен құжат алып жүруге міндетті емес. Жеке басын анықтау мен тіркеуін тексеру үшін азаматты ІІБ-ге апаруға да болмайды. Ол тек азаматтың заңбұзушылық жасағанына негізді дәлел болған жағдайда ғана ішкі істер бөліміне баруын талап ете алады. Мысалы, полицей де бақылау камерасы арқылы сіздің он күннен артық бір жерде жүргеніңіз дәлелі болса. Ал жеке күдігі жеткілікті емес. Тұрғылықты орны бойынша тіркелген адамды ІІБ-ге тексеріс үшін жеткізген болса, бұл полицейлердің үстінен арыздануға болады", - деп түсіндірді заңгер. 

Ал ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов қазақстандықтар учаскелік полицейлерге есік ашпауға құқылы ма деген сұраққа, полицейлер азаматтарды "тексерудің басқа әдістерін табатынын" айтқан. "Жарайды, ашпаңыздар, біз тексерудің басқа амалын табамыз" деген болатын министр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети