09 қаңтар 2017 10:16

Уақытша тіркеуді сұрап келген адамды жерлеп тастаймын - Қуат "Найман" Хамитов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қуат "Найман" Хамитов. © instagram.com/kuat__khamitov Қуат "Найман" Хамитов. © instagram.com/kuat__khamitov

ММА-да өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов уақытша тіркеу бойынша жаңа ережелерге наразылығын білдірді. Спортшы Қазақстан тұрғындарының өз елінде жүріп-тұруына неліктен ақы төлеу керектігін түсінбейтінін жеткізді. Осылай дей келе Хамитов "тіркеу мәселесімен" келетін адам болса, оны "жерлеп тастайтынын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ММА-да өнер көрсетіп жүрген қазақстандық Қуат "Найман" Хамитов уақытша тіркеу бойынша жаңа ережелерге наразылығын білдірді. Спортшы Қазақстан тұрғындарының өз елінде жүріп-тұруына неліктен ақы төлеу керектігін түсінбейтінін жеткізді. Осылай дей келе Хамитов "тіркеу мәселесімен" келетін адам болса, оны "жерлеп тастайтынын" айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біздің елде шешілмеген мәселелерді тізбектей берсем менің, тіпті достарымның саусағы жетпейді. Ауылдар құрып барады, барлық жерде жұмыссыздық, жұмыс орындары қысқарып жатыр. Азық-түлік, коммуналды қызмет, бәрінің бағысы шарықтап барады! Байғұс зейнеткер тізгінде отырып, камераға түсіп қалып, айыппұл төлесе, бір ай аш отыруы керек. Алматыдан 100 шақырым асса болғаны, басқа өмір басталады, жолдар 45 жылдан бері жөндеу көрмеген. Жастар ішкіш болып барады, адам өлтіру мен тонау көбейді. Барлығы аштан өлмес үшін қалаға барады! енді ол адамдар өз елінде бір жерге барғаны үшін ақша төлеуі керек пе??? Ант етемін, маған біреу тіркеу мәселесімен келетін болса, оны сол жерде көміп тастаймын! Қазақстан мұнай, газ, алтын, күміс, уран, қол, алюми́ний, көмір және тағы сол сияқтылардан әлемде бестікке кіреді. Халық онсыз да оларды көріп отырған жоқ! Енді осыдан кейін халықты АЕК-теріңмен тонамақсыңдар ма??? "Алға Қазақстан" деп айғайлай берген патриот емес, өз халқының мұңын түсіне білген адам. Елімізде қиындықтар жетіп артылады, ал олар болса АЕК заңын ойлап тауыпты", - деп жазыпты спортшы Instagram желісіндегі парақшасында. 

Қуат Хамитов грек-рим күресінен Қазақстанның спорт шебері, APFC ұйымының (Қазақстан) және WBK ұйымының (Қытай) чемпионы. 28 жастағы Хамитовтың кәсіпқой рингтегі рекорды 25 жекпе-жек, оның 20-да жеңіске жетіп, төртеуінде ұтылған, тағы бір жекпе-жегінде тең түскен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети