30 наурыз 2017 17:26

Уақытша тіркеудің арқасында алимент төлеуден қашып жүргендер анықталды - депутат

ПОДЕЛИТЬСЯ

Уақытша тіркеудің арқасында өңірлерде кімнің алимент қарызы бар екені анықталды. Сондай-ақ, енді ауылдағыларға қосымша мектеп пен балабақшалар салуға қаражат алуға мүмкіндік туды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты жұртшылықпен кездесу барысында айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жақсы пікірлер бар. Уақытша тіркеудің арқасында алимент төлеуден қашып жүргендердің барлығы анықталды. Сот орындаушылары оларды тапты. Олар енді балаларына ақша төлей бастады. Осыған дейін солардың барлығы іздеуде болған, себебі олар қашып жүретін. Ал уақытша тіркеу енгізілгелі бері олардың кім екені анықталды", - деді депутат Магеррам Магеррамов.

Сондай-ақ, депутат Берік Дүйсембиновтің айтуынша, уақытша тіркеу Астана маңындағы Қоянды ауылы тұрғындарын есепке алу мәселесін жақсартты.

"Ауылда 7 мың адам ғана тіркеуде тұрды, ал негізі ауылда 45 мың адам тұрып жатыр. Осы айырмашылық үшін әкімдіктегілер ауылда мектеп пен балабақша құрылысына қаражат ала алмай жүрген еді. Енді жағдай жақсарды", - дейді депутат.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети