“Уақытты кері қайтару“ петициясы: сот шешім шығарды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney Изображение сгенерировано при помощи нейросети Midjourney

Уақытты қайтару туралы өтінішті қарау нәтижесін сот заңды деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Уақытты қайтару туралы өтінішті қарау нәтижесін сот заңды деп таныды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Талап қоюшы Л. "Уақытты кері қайтару" петициясын қарау нәтижесін заңсыз деп тану туралы талаппен сотқа жүгініп, онда петицияны қарау мен шешім қабылдауда рәсім бұзылғаны көрсетілген.

Сот іс құжаттарын зерделеп, келесіні анықтады.

"Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (ӘРПК) талаптарына сәйкес "Уақытты кері қайтару" петициясы тіркелді. Өтініш 50 мың қолдау дауысын жинап, тіркелген. Өтінішті қарау ҚР сауда және интеграция министрлігіне (министрлік) тапсырылған", - делінген хабарламада.

Жұмыс тобын қалыптастыру үшін министрлік өтініш берушіге, Қазақстан Республикасының Парламентіне, мүдделі мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестікке жұмыс тобының құрамына енгізу үшін кандидатуралар жіберуді сұрап, хаттар жолдаған.

"Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің 2024 жылғы 14 маусымдағы хатымен жұмыс тобына қатысу үшін кандидаттар Е.А.Әбіл мен М.А.Әбенов ұсынылды.

Министрдің 2024 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен петицияны қарау жөніндегі жұмыс тобының құрамы бекітіліп, депутат Е.А.Әбіл жұмыс тобы басшысының орынбасары болып тағайындалған".

Жұмыс тобының жұмысы аясында 2024 жылғы 21 маусымда, 16 шілдеде және 2 тамызда 3 отырыс өткен. 2024 жылғы 2 тамызда өтінішті қарау нәтижелері бойынша өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылданған.

Өтініштерді тіркеу, есепке алу мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.

ӘРПК-нің 90-6-бабына сәйкес өтінішті қарау нәтижелері бойынша орталық мемлекеттік немесе жергілікті атқарушы органның бірінші басшысы, жергілікті өкілді органның төрағасы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

  • өтінішті толық немесе ішінара қанағаттандыру туралы;
  • өтінішті қанағаттандырудан бас тарту туралы.

Петицияны қарау және ол бойынша шешім қабылдау рәсімі ӘРПК нормаларымен регламенттелген.

"Петицияны қарау нәтижелері бойынша шешімге дау айту туралы талаптарды қарау кезінде сот оны қарау тәртібі мен мерзімдерінің сақталуына ғана баға береді. Петицияны қарау кезінде рәсімнің бұзылмауына байланысты, сот талап қоюды қанағаттандырудан бас тартты.

Талап қоюшының белгіленген тәртіпті бұза отырып, отырыстың төрағасы Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Е.А.Әбілдің болғандығы туралы дәлелдері сотпен қабылданбады. Себебі Е.А.Әбіл жұмыс тобы басшысының орынбасары болғаны анықталды".

Комиссия құрамын қалыптастыру кезінде қандай да бір заңбұзушылықтарға жол берілмеген.

"Сот шағымдалған шешім мен петицияны қарау жөніндегі әрекеттер заңды, мемлекеттік органның құзыреті шегінде жасалған және рәсімдік заңбұзушылықтар анықталмаған деген қорытындыға келді".

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 526.69  course up  612.05  course up  6.75  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer